01.11.2021

Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспары, тақырыбы «Қоғамның рухани құндылықтары»

Шаяхметова М. М.

«Агротехникалық колледжі» МКҚК оқытушысы

Жаңаесіл ауылы, Ақмола облысы

Сабақтың тақырыбы:Қоғамның рухани құндылықтары.
ОП-11 тобыҚатысуы тиіс:Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаттары Қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық ойындарын насихаттай отырып, рухани мәдениет, құндылық, мұра ұғымдарын студент бойына сіңіру арқылы қоғам үшін маңыздылығын анықтау. Студенттерді қазақи ділге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ негізделген оқу мақсаты:Барлық оқушылар: Қазақ халқының ойыны түрінде берілген тапсырманы орындау арқылы тақырыпты түсінеді. Оқушылардың басым бөлігі: Қазақ халқының ойыны түрінде берілген тапсырманы орындау арқылы тақырыптың маңызын анықтайды Кейбір оқушылар: Қазақ халқының ойыны түрінде берілген тапсырманы орындау арқылы адамгершілік қасиеттері артады.
Бағалау критерийіҚазақ халқының ойыны түрінде берілген тапсырманы орындау арқылы тақырыпты түсінеді.Қазақ халқының ойыны түрінде берілген тапсырманы орындау арқылы тақырыптың маңызын анықтайдыҚазақ халқының ойыны түрінде берілген тапсырманы орындау арқылы адамгершілік қасиеттері артады.
Тілдік мақсат.Негізгі сөздер мен тіркестер: Рухани мәдениет, құндылық, мұра ұғымы. Талқылауға арналған тармақтар: Рухани мәдениет
РесурстарОқулық, орындық, кәмпит,ватмн,түрлі-түсті қарындаштар мен суреттер
Әдіс-тәсілдер1. «Шашу» 2. «Сақина салу» ойыны 3. «Бәйге» ойыны 4. «Көкпар» ойыны 5. «Ыстық орындық» 6. «Ашық микрофон»
Сабақтың типі:Дәстүрлі емес
Сабақтың түрі:Ойын
АКТ қолдануАудиотаспа, бейнебаян,слайд
Пәнаралық байланысҚазақ әдебиеті,
Алдыңғы тақырыпҚазіргі қоғамдағы құндылықтар
 
 Ресурстар
Басталуы 5 мин  І. Ұйымдастыру 1. Студенттермен амандасу. 2. Түгендеу. 3. Әр топқа бағалау парағын тарату. 4. Балалар, бүгінгі сабағымызды ерекше етіп, халқымыздың салт-дәстүрін насихаттай отырып өткізейік.    Бағалау парағы
Сабақтың ортасы               5 мин               13 мин                           7 мин                       5 мин     Сабақтың соңы                     2 мин       2 минСтуденттер, бүгінгі біздің ұйымдастырып отырған сабағымызға білімді әрі жан дүниесі рухани бай ұстаздар қатысып отыр екен. Келген қонақтарымыздың құрметіне «Шашу шашайық»   Осы кәмпиттерді сендер де алып, топқа бөлініңдер  1-топ (күлгін) 2-топ (жасыл) 3-топ (қызғылт сары) «Сақина салмақ» ойыны арқылы өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады. Құндылық дегеніміз не? Қандай түрлерін білесің? Адами құндылыққа не жатады?   Ендігі ойынымыз «Бәйге» деп аталады.   Яғни сендерге тақырып беріледі, сендер осы осы тақырып төңірегінде қазіргі заманмен байланыстырып, қорғайсыңдар.   1-топ «Қазіргі кездегі отбасы құндылықтары» 2-топ «Қазіргі кездегі  жастардың құндылықтары»   3-топ «Адамгершілік құндылықтары» «Адами құндылықтар» бейнебаян көрсетіледі.   «Көкпар» ойыны Рухани мәдениет                Өнер            Адамгершілік    Ғылым                1-топ: Өнер (өлеңдер жинағы). 2-топ: Ғылым (Абайдың қара сөздері) 3-топ: Адамгершілік (мақал-мәтелдер) Берілген тақырыптар бойынша қай топ бірінші болса, сол топ жауап береді.   Бекіту. Ендігі тапсырма «Ыстық  орындық» деп аталады. (Қазақтың әні қойылады)   Әр топтан студенттер шығады «қазақтың әні» қойылады. . Орындалған әнге оқушылар орындықты айналып жүреді де ән тоқтағанда орындыққа отырады. Отырып үлгермеген оқушыға басқа топ оқушылары сұрақ қояды. 4 оқушы да сұрақтарға жауап береді. Рефлексия «Ашық микрофон» студенттерге сабақ бойынша сұрақтар қойылады. Бағалау «Орамал тон болмайды, жол болады» деп, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға баға қойып, мадақтайық  Кәмпиттер                         Сақина                     Ватман         Бейнебаян                           Орыныдық                             Микрофон     Бағалау парағы
Үйге тапсырма     1 минСыр сандығым ашылды, Үй тапсырма жазылды. Келесі сабақ күнінде, Орындауды тапсырды.  «Адам болам десеңіз» эссе жазып келу