25.10.2021

9 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға сапалы дайындау жолдары

Тохан Манаргуль

№19 ЖОББМ-нің оқу жұмысы  бойынша

Ақмола облысы Көкшетау қаласы

Мектеп оқушыларын қорытынды аттестаттау өткізудің жаңа формасы енгізілуімен қатар,оған дайындық жұмыстарыда жаңа формада жүргізілуі керек.

    «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы  бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына негізінде оқушы білімінің деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін сынақ. Осының негізінде оқушының негізгі және орта білімді меңгергендігі туралы аттестат алуы қарастырылған.

Оқушының өз білім деңгейін жақсы деңгейде көрсете білуі оқу материалын жеткілікті түсіну мен оны қолдана білуінде .

Қорытынды аттестаттауда жаңартылған білім беру мазмұны жүйесімен құрылған тапсырмалар дайындалуда . Бұл оқушының танымын, білімін, практикадан қолануын, өз пікірін білдіруін  бағалаудың мүмкіндіктерін беретін тапсырмалар жиынтығы.

Мысалы 9 сынып бойынша бұған дейін оқу тіліне қарай ана тілінен тек диктант  жазатын.  Мұнда оқушының тек сауатты жазу дағдысы ғана бағаланатын. Қазіргі жағдайда яғни жаңартылған білім берудің қорытындысы ретінде аталған пәннен оқушыға 400-450 сөзден тұратын мәтін беріледі.Оқушы осы мәтінді негізге ала отырып 170-200 сөзден тұратын эссе жазады.

Осы жазылған жұмыстың нәтижесінде оқушының

-Оқу сауаттылығы

-Жазу дағдысын

-Өз ойын жазбаша білдіруін

-Мәтін мазмұнына сәйкес өз пікірін әртүрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және егжей-тегжейлі ақпаратты (мәтіндік, сандық, графикалық) түсініп, интепретациялауы;

әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алып, оларды талдауы және жинақтауы;

-білім алушы естіген және оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазуы;

-ұсынылған ақпаратты талдау және бағалау қабілетін кӛрсете отырып, өзінің проблемалық сипаттағы мәтінін (мақала, эссе,хат және т.б.) жазуын

-орфографиялық,         грамматикалық  және  стилистикалық, пунктуациялық нормаларды сақтауын бағалауға болады.

Әр оқушының физиялогиялық ерекшелігіне байланысты аталған критерийлер бойынша жиынтық ұпай нәтижесінде  оқушының жақсы меңгерген бағытынан жақсы көрсеткіштерге жетуіне мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Сондықтан консультация өткізу барысында ең бірінші оқушыға емтиханның формасын бағалану жүйесін, бағалау критерийларын таныстыру керек.

Ал алгебра пәнінен бұрын оқушының соңғы шешуі жауабымен  негізгі қорытынды жасалатын.

 Қазіргі тапсырмалар негізінде есепті шығару кезінде тиімді тәсілдеме таңдауды және қолайлы әдіс қолдануды (көпсатылы есептерді қоса алғанда) білуін

математикалық әдіс-тәсілдерді қолданып және мәнмәтінге сәйкес шешімдерін түсіндіре отырып, жағдаяттардың математикалық моделін құра (өмірдегі жағдайаттарды қоса алғанда) білуін

шешімді ұсыну және математикалық тұжырымдарды дәлелдеу үшін логикалық аргументтерді пайдалана білуіне сәйкес математикалық символика   және         жазбаларды        қолданып, шешімдерді ұсыну және аргументтер келтіре білуі бағаланады.

Математикалық фактілерді, ұғымдарды және тәсілдерді қайта жаңғырта, таңдай және қолдана білуі ескеріліп ұпай жиынтығының нәтижесінде баға қойылады. Бұл оқушының жақсы баға алуына мүмкіндік береді.

Орыс сыныбында қазақ тілі қазақ сыныптарында орыс тілінен жазбаша емтихан;

   -әртүрлі жанрдағы мәтінмен жұмыс жасауы;

-әдеби терминдерімен бағыттары ;

-шығарманың негізгі ойын, автордың негізгі ойын .

-Сараптамаға негізделген өз мәтінін құруын бағалай алуғаға болады.

Таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) бойынша жазбаша емтихан.»;

-құбылыстарды, ғылыми      фактілер,заңдар,анықтамалар, ұғымдар         мен теорияларды;

-ғылыми лексика, терминдер, шартты белгілерді (соның ішінде белгіленулер, шамалар және өлшем бірліктерді);

-физикалық шамалар мен оларды анықтау тәсілдерін білуі және түсінуі тиіс.

-әр түрлі дерек көздерден алынған ақпараттарды анықтауы, таңдауы, жүйелеуі;

-ақпаратты әр түрлі формада ұсынуы;

-сандық және әр түрлі мәліметтермен жұмыс жасауы;

-үлгілерді анықтау үшін акпаратты пайдалануы, жұмыс барысын сипаттауы және қорытынды жасауы;

-құбылыстарға дәлелді түсініктеме беруі;

-сандық мәліметтері бар есептерді шығаруы тиіс.Осы аталғандарды сараптап оқушы жұмысын бағалау кезінде білім мен дағдысының деңгейін жан-жақты көруге болады.

Таңдау пәні

Таңдау пәндеріндегі 2 бөлімнің тапсырмалары пәндік ерекшеліктерге байланысты жоғарғы ұпай саны да арнайы ұйымдастырылған .

-Қазақстан тарихы  2 бөлімнен 15 тапсырмадан тұрады карта атлас берілейді жоғарғы ұпай   -30, 5-9 сынып материалдары енгізіледі.

-Қазақ әдебиеті , орыс әдебиеті –тапсырма 2 бөлімнен тұрады.8-9 сынып курсының материадары енгізіледі. Жоғары  ұпай -30 .

-Физика, химия, биология ,2 бөлімнен тұрады.7-9 сынып курсы -50 ұпай.

-Ағылшын тілі  5-9 сынып материалдары енгізіледі. Мәтінмен жұмыс жасайтын болады. Жоғарғы ұпай -20.

-Информатика, 5-9 сынып курсы 2 бөлім практикалық тапсырма -30 ұпай

-Дүние тарихы ,5 -9 сынып курсы жоғарғы ұпай -30

-География пәні 7-9 сынып курс материалдары енгізіледі. 2 бөлім 30 ұпай

Жиынтық балдар бойынша пайыздық өлшем қойылып ол бағаға айналдырылады.

Ұпайдың пайыздық қатынасыбағасы
0-39%2  (Қанағаттанарлықсыз)
40-64%3 (Қанағаттанарлық)
65-84%4 (жақсы)
85-100%5 (өте жақсы)

Қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстарының бірінші кезеңі пән мұғалімінің оқу жылына бойына жоспарлаған тиімді тақырыптық-күнтізбелік  жұмыс жоспары. Қосымша сабақтар , консультация барысында оқушыларға әр пән бойынша қай сыныптарғы курстар бойынша тапсырмалар қамтылатынын айтып алдыңғы курстың материалдарын қамтып дайындық жасау керек.

Сонымен қатар дайындық жұмысының нәтижесін бақылау үшін, деңгейді анықтау үшін алдағы жасалатын жұмыстарға сараптама алу үшін мектепішілік емтихан сынақтарын әр 2 ай сайын комиссиялық негізде өткізіп отырған дұрыс. Нәтижесі оқу жұмысы бойынша орынбасардың сараптауымен әдістемелік бірлестіктің отырысында қарастырылу керек. Бұл әрекет оқушының да, мұғалімінің де жауапкершілігін арттырады. Пән мұғалімінің қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстарының жаңа әдістермен жұмыс жасауына мүмкіндік болады. Оқу жылы бойынша алдыңғы курстар бойынша қайталау жұмыстары аяқталса оқушы емтихан барысында жоғарғы жетістікке жете алады.