25.10.2021

5 сынып Қазақ тілі пәнінен ҚМЖ, тақырыбы «Менің электронды поштам. Қосымша: жұрнақ, жалғау»

Исаева А.Д.

Мәншүк ауылының ЖОББМ

Ақмола облысы Целиноград ауданы

Сабақтың  тақырыбыМенің электронды поштам. Қосымша: жұрнақ, жалғау
Оқу мақсаттары5.Т1. Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау; 5.Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау; 5.О6. Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру.  
Сабақтың мақсаттарыБарлық оқушылар: Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы электронды пошта, ғаламтор жайлы ақпарат береді, диалог құра алады; Көптеген оқушылар: Тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын айта алады,жұрнақ пен  жалғауды ажырата алады;
Кейбір оқушылар: Тақырыптағы мәселеге өз пікірін білдіреді, сөйлеу барысында жұрнақ пен жалғауды дұрыс қолдана алады.
Бағалау критерийлеріБілу және түсінуэлектронды пошта жайлы мәтін мазмұнын біледі, жұрнақ пен жалғаудың айырмашылығын түсінеді;
қолданудиалог жасау барысында жұрнақ пен жалғауды дұрыс қолданады; электронды поштаның ерекшелігі жайлы өз пікірін білдіреді
Тілдік мақсаттарПән лексикасы және терминология: қосымша: жұрнақ, жалғау
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
жаттығу, электронды пошта, сақтау, қалай ашамын, сауалнама толтыру; хабарлама жазу, уақыт үнемдеу
Пәнаралық байланысинформатика
Қалыптасатын құндылықтарЫнтымақтастық: диалог, топтық жұмыс жасау арқылы баланың әлеуметтенуі жүзеге асады;   Өзіне және басқаға құрмет: сабақ барысында мұғалім мен оқушы бірін-бірі тыңдайды, сыйлайды; Өмір бойы оқу: оқушы практикалық тапсырманы орындау барысында өткен сабақтың білімін қолданады.
Осыған дейін меңгерілген білімКомпьютер қалай пайда болды? «Өнер-білім бар жұрттар…»
АКТ құндылықтарыАКТ-ның мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, BilimLand ресурстарын пайдалану
Сабақтың барысы
Жоспарланатын уақытМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекетіРесурстар
Сабақтың басы
     0-3 минут  
Ұйымдастыру. «Смайл»  тренингі.    Қызығушылықты ояту.  Ж..тты..у, по…та, сер…ер, элект…онды, на..ар а..дару, те…езе,  лог..н, пар…ль.
Сабақтың тақырыбына  болжам жасалады. Сабақтың мақсаты айтылады (электронды тақтада көрсетіледі)
Көрсетілген смайликтердің эмоциясын қайталайды. Тақырыпты керекті әріптерді дұрыс қою арқылы болжайды.    (ҚБ) Жарайсыңдар!                АКТ: PowerPoint презентация
Сабақтың ортасы
4-18 минут                    



                                                                        19-20    21-33 минут                                      
   Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында ой шақыру сұрақтары қойылады. — Балалар, мынау ненің белгісі екенін білесіңдер ме? Сендерде электронды пошта бар ма? Оны қалай ашуға болады? Мына белгі әр тілде әр түрлі аталатынын білесіңдер ме? (орысша – собачка/улитка, қазақша – айқұлақ, ағылшынша – АТ sign). 1. Сөздікпен жұмыс. жүйе — система                    ақпарат табу – найти  информацию пайда болу – появляться     мәлімет, ақпарат – информация   2. Мәтіналды жұмыс. (А) Айтылым. Диалог.   — Сенің электонды поштаң бар ма?            — Электронды поштаны өзің аштың ба?    — Сенің досыңда электронды пошта бар ма? — Сен досыңмен электронды пошта арқылы сөйлесесің бе?                       Мәтінмен жұмыс: Электронды пошта     Электронды пошта тарихы 1965 жылдан басталады. Массачусетс технологиялық институтының қызметкерлері Ноэль Моррис пен Том Ван Влек МАІL бағдарламасын ойлап тапты. Бұл бағдарлама ІВМ 7090/7094 компьютеріне орнатылған болатын. Ең басында қарапайым ғана қызмет атқаратын бұл бағдарлама қазір үлкен қолданысқа ие болды.    Е-поштаның қызметін көптеген адамдар қолданады. Е-пошта арқылы тез ақпарат алуға болады. Достарыңмен де байланысқа жылдам шыға аласың. Олардың фотосуреттерін де көре аласың. Мереке кезінде сыйлықтар да жібере аласың. Е-поштамен жұмыс істеген тиімді. Мәтіннен кейінгі жұмыс: Топпен жұмыс. Сергіту сәті:  «Қыдырып қайтайық»     Сабақтың грамматикалық бөлігі. Қосымша: жұрнақ және жалғау BilimLand ресурсында орналасқан «Жұрнақ пен жалғау»  бейнематериалы көрсетіледі. http://qrcoder.ru/code/?https%3A%2F%2Fimektep.kz%2Fkz%2Ftubir-men-kosimsha&4&0   1-топ  BilimLand ресурсындағы «Артығын тап» ойыны арқылы жаңа тақырыпты бекітеміз.     2-топ BilimLand сайтындағы «Дұрыс – дұрыс емес» ойыны арқылы жұрнақ пен жалғау жайлы алған білімдерін бекітеміз.  Оқушылар білгенінше жауап береді   ҚБ мұғалімнің ауызша бағалауы       1.(А) Мұғалімнің көмегімен  интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен танысады, аудармасын табады,  айтады. Оларды оқиды, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрайды. 2. Оқушылардың жауаптары – Менің эл.поштам бар. – Жоқ, ағам көмектесті.  – Иә, бар. – Иә, сөйлесемін. ҚБ мұғалімнің ауызша бағалауы  (Т) — берілген мәтіннің оқылуын үнтаспадан тыңдайды; (О) — оқушылар жекелеп, кезекпе-кезек оқып шығады; — мәтінді аударады, өзіндік пікірін білдіреді; ҚБ өзара бас бармақ арқылы бағалау   «Сен тұр, сен шық» ойыны арқылы 2 топқа бөлінеді. 1-топ мәтінге үш сұрақ дайындайды, сұрақтарының жауабын қарсы топтан алады. 2-топ өздеріне берілген ноутбуктың көмегімен электронды пошта құрады. ҚБ: — мұғалім бақылауы және  комментариі; — топтардың бірін-бірі бағалауы; — мұғалімнің кері байланысы.   QR-кодпен телефон арқылы сканерлеп, кіріп көреді Мұғалімнің көмегімен тақырыпты түсінеді. Ерекшеліктерін атайды. Сөзді түрлендіретін қосымша – жұрнақ, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша – жалғау екенін меңгереді. 1-топ  «Артығын тап» ойыны арқылы жаңа тақырыпты бекітеді. 2-топ «Дұрыс – дұрыс емес» ойыны арқылы жұрнақ пен жалғау жайлы алған білімдерін бекітеді.   ҚБ  шыққан нәтиже негізінде бір-біріне өзара баға береді                                                                                                      www.sozdik.kz сайтынан сөздердің аудармасын өздері іздеп табады                         «Компьютер алдында отырған кезде нені ескеру керек?» бейнеролигі https://sabaqtar.kz/informatika/4337-internett-paydasy-men-ziyany.html       https://www.youtube.com/watch?v=SCvZLP26q0E     https://imektep.kz/kz/zhurnak-pen-zhalgau     https://imektep.kz/kz/game#recycle_bin-1055   https://imektep.kz/kz/game#true_false-1437
Сабақтың соңы        Рефлексия
   34-37 минут       38-40 минут
 Өз жетістіктерін бағалау үшін «БЛОБ ағашы» әдісін ұсынамын     Үй тапсырмасы: 8-тапсырма. Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қою. Мәтінді теріп, мұғалімнің arailym85@mail.ru эл.поштасына жіберу   Қоштасу«БЛОБ ағашы» арқылы бүгінгі сабақта өзінің жеткен жетістіктерін, не қиындық туғызғанын көрсетеді.