22.10.2021

Цифрлық құзіреттілік заман талабы

ХХІ ғасыр — ғылымның, білімнің қарыштап, адымдап дамыған ғасыры.

Сапа саннан шығатыны даусыз. Соған орай қазан айының 4-15-не дейінгі аралықта Ақмола облысы «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының ұйымдастыруымен «Бастауыш сыныптағы қиын тақырыптарды меңгерту» тақырыбы аясында онкүндік курс өтті. Курс барысында жетекшіміз Алькенова Б.Х қазіргі заман талабына сай «Мұғалім тұлғасы, оның құзіреттілігі қандай болуы тиіс?» -деген сауалды қоя отырып ара-жігін ажыратып берді.

Курстан түйгенім, пәнді оқытуда қиын тақырыптарды меңгерту барысында заманауи мұғалім білімді, білікті, IТ құзыреттілігі дамыған, сауатты, оқып үйренгенін оқу процесінде қолданып, сабақтың мақсат-міндеттерін нақтылай алатын мұғалім болу жолдарын айқындап алуымда. Сонымен қатар курс барысында сандық технология сауаттылығын жете меңгеріп (jamboard, padlet.com, linoit.com тақталарын, google.com –да презентация жасауды), интерактивті оқыту әдістерін пайдаланып, сабақты жобалау мен тиімді оқу ортасын құра алатын болуы тиіс екенін айқындап, теориялық жолын тәжірибеде қолданудың әдіс-тәсілдерін бірге меңгердік. Педагог сол жағдайда ғана алдына келген болашақ ел тізгінін ұстар азаматтар мен азаматшаларды қалыптастыра алады.

Ой қорыта келе, Тәуелсіз еліміздің ұрпағы білімді, саналы, болашағы жарқын болсын деген ниетпен, мұғалімдерге терең мазмұнды курсы ұйымдастырып, білім саласының көркеюіне ат салысып отырған Ақмола облысы «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының ұжымына шексіз алғысымызды білдіреміз!

Ақмола облысы

Целиноград ауданы

Қараөткел ауылы №2 ЖОББМ

Бастауыш сынып мұғалімі

Негметжанова Р.К.