14.10.2021

Курс туралы пікір

Мен, Джурманова Венера Полатбековна, Макинск қаласы Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің бастауыш сыныптың 3 жылдық еңбек өтілі бар, жас маманмын. 2021 жылдың қазан айының 04-15 аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ «Бастауыш мектеп пәндерінің күрделі тақырыптарын меңгеру» атты қазақ тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілік арттыру (онлайн) курсы ұйымдастырды. Менің біліктілік арттыру курсынан бірінші рет өтуім.

Осы курстың мазмұны туралы айтатын болсам, Ботагоз Камзовнаның тәжірибесінен өзімнің цифрлық құзырлылығымды дамытып, жан-жақты білімімді жетілдіріп, болашақта өз тәжірибемде міндетті түрде қолданатын көптеген мәліметтер алдым. Атап айтсам, «Linoit, Padlet, Zhamboard, Inshot», сынды цифрлық білім беру ресурстарымен танысып, «Bilin Land, Kundelik, Google classroom, Daryn online» білім беру платформалары туралы тереңдетілген, толыққанды мәліметтер жинап, осы платформалардың жұмыс жасау кезінде тигізер мол мүмкіншіліктері бар екенін ұғындым.

Бастауыш мектепке арналған білім беру платформаларын, ресурстарын әзірлеуді, оның мақсат-міндеттерімен қоса қойылатын талаптарын үйреніп, өз тәжірибемде еркін жасап, қолданатын деңгейге жеткенім үшін және бізге осындай білімді игеруге мүмкіндік жасаған «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша БАИ ұжымына және жетекшілік жасаған тренеріміз Алькенова Ботагоз Қамзықызына алғысымды білдіремін.

Жазған: Джурманова Венера Полатбековна, Макинск қаласы Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалім