13.09.2021

Математика сабағында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру

Абдрахманова Рысты Темиртасовна, Басболатова Алма Рахметулловна,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ»

мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу  кафедрасының аға оқытушылары 

Бүгінгі таңда әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: “ХХI ғасырда нені оқыту керек?” және мұғалімдер оқушыларды “ХХI ғасырға қалай дайындайды?” Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.

Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Қазіргі таңда білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейтесті мәселелерінің бірі білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау. Осыған сәйкес бүгінгі күн талабы — баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, тілін дамыту, заман талабына сай оны жүйрік етіп тәрбиелеу.

Қоғамның заманауи даму сатысында инновациялық үдерістер, бірінші кезекте, баланың әлеуетті қабілеттіліктерін ашудың  деңгейі білім беру жүйесіне әсер етеді. Инновациялар бала тұлғасына, оның қабілеттіліктерін дамытуға бағдарланған педагогикалық практикада қолданылатын жаңа әдістерді, нысандарды, құралдарды, технологияларды анықтайды. Қазақстанның заманауи даму сатысында білім беру үдерістерінде педагогтардың назарын балалардың шығармашылық және интеллектуалдық дамуына, эмоционалды-еріктік және қозғалыс аясын түзеуге бұра отырып, білім беру мазмұны күрделене түсуде; дәстүрлі әдістердің орнын баланың танымдық дамуын белсендіруге бағытталған тәрбие мен оқытудың белсенді әдістері басуда.

Қазақстанның заманауи білім беру саясатының білім беру парадигмаларының ауысуымен, жаңа педагогикалық технологияларға өтуімен сипатталуы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың дара-шығармашылық нысандар мен әдістерге бағдарлануы мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі тәрбиешілері мен педагогтарының инновациялық әдістемелік қызметінің маңызын арттырады.    

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелірінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез-келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.

Заманауи қоғамға жан-жақты жаңашыл адам керек. Мұндай адамды қалыптастыру-қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет.

Сондықтан қазір  кездегі жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты қажетті  құрал – білім. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан білікті маман даярлау және білім сапасын әлемдік стандарттарға сәйкес реформалау мәселесіне баса назар аударды. Еліміз білімнің маңыздылығын жоғары бағалап экономикалық және қаржылық қиындықтарға қарамастан бұл сала барынша қолдау көрсетті. Себебі қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау керектігін дәлелдеп отыр. Әлем өзгеріп отыратындықтан, халықаралық стандартта  үнемі өзгерісте болып тұр. Ал оны үйретуші мұғалімнің қазіргі кезде өзгеріссіз қалуы  өте қауыпты екендігі бәрімізге мәлім. Мұғалімдеріміздің әртүрлі педагогикалық тәсілдер, нақты әдістер мен стратегияларды қалай және қай жағдайда қажеттігі туралы білмеуі, жаттанды сабақпен шектелуі, оқушы білімін дұрыс бағаламауы , теориялық білім таяздығы  еліміздің болашағына кері ықпал келтіретіңдігі белгілі. Керісінше әлемдік көшке ілесудің, өркениетті мемлекет болудың, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген  инновациялық технологияны меңгерген тұлғаны тәрбиелейтін  ұстаз қабілеті қандай болу керек?

“Сабақ беру — үйреншікті жай шеберлік емес, ол-үнемі жанадан жананы  табатың өнер”деп бір ғасыр бұрын Жүсіпбек Аймауытов көрегендікпен мұғалім қоғамның қозғаушы генераторы екенің айтқан. Әлемдегі өзгерістерге сәйкес құндылықтар мен білім маңызын қайта қарауды қажет етеді. Осы мәселелерді шешу үшін мұғалімдердің жұмыс  жүйесіне  өзгерістер енгізу керектігі туындап отыр.

Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі өзектісі -бүкіл білім беру жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін жастарға сапалы білім беруге, жағдай жасайтын олардың үйлесімді дамуына және жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру болып отыр.   Сондықтан еліміз орта білімге өзгерістер енгізу үшін алыс-жақын шетелдердің іс-тәжірибелеріне және соңғы кездегі педагогика мен психология ғылымдарының алдыңғы қатарлы  зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып жаңартылған бағдарлама негізінде оқыту бағдарламасын енгізуде.

Қазақстан педагогикадағы инновациялық технологияларды игеріп кеңінен, жаңа формациядағы ұстаздар Қазақстанның білім беру жүйесін, халықаралық стандартқа жеткізіп, уақыт талабына сай мамандар дайындау мемлекеттің басты міндетті болып отыр. Жаңа бағдарлама негізінде  қазіргі танда педагогикалық  мамандарды республикалық  қайта даярлау мақсатыңдағы жаңартылған бағдарлама негізінде  оқыту курсынан өтіп, жалпы орта мектептерде оқыту технологияларына қатысты өзгеріс енгізуге бағытталған жаңа формациядағы ұстаздар еңбек етуде. Енді өз  мектептерімізде  жақсы бастама деп жаңартылған бағдарлама негізінде оқып бітірген мұғалімдеріміз өз миссаларын орындауда.

Математикалық білім берудің негізгі міндеті – адамды ойлауға үйрету. Бұл бағыттағы білімдік бағдарламалардың табысты болып, іске асырылуы мына үш мәселеге байланысты:

  • жоғарғы оқу орындарындағы математика пәні мұғалімінің дайындығы;
  • сапалы оқулықтар мен оқу құралдардың болуы;
  • таңдау еркіндігін беретін тұлғалық-бағдарлы оқыту.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай ғимарат биік болу үшін оның іргетасы мықты болу керек. Іргелі білім алған адам ғана қазіргі өмір жағдайларына тезірек бейімделіп, одан өз орнын таба алады.

Осы іргелі білім алу жолы-оқушының жеке білім беру траекториясы негізінде айқындалады.

Сондықтан  ең алдымен «жеке білім беру траекториясы деген не?» деген сұраққа жауап бере кеткен жөн болмақ.  Аталған терминді Ресейдің педагог ғалымдары А.В. Хуторский, Н.Н. Суртаева қарастырған.

А.В. Хуторский жеке білім беру траекториясын әр оқушының білім жолындағы  жеке потенциалдық іс-әрекетінің өзіндік тәсілі ретінде алып қарайды.

 Н.Н. Суртаева жеке білім беру траекториясын қазіргі білім беруге талаптар мен мақсаттары бойынша оқу іс-әрекетінің элементтерін алдын-ала анықтау және ата-аналардың қатысымен олардың дарындылығын, мүмкіншілігін, қызығушылығын байқаумен байланыстырады.

Оқушылардың жеке білім траекториясы дегеніміз-әрбір баланың оқу

материалын игеру деңгейіне, қарқынына, өздік білім алу ыңғайлылық ұстанымына, жеке қабілетіне қарай ұйымдастырылатын оқыту процесі.

Ыңғайлылық ұстанымы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру белгiлi бiр жетістікке жетуге, оқушыныңжекебілімберутраекториясы бойынша өзiнiң алға жылжу бағытын анықтауына көмектеседі.

Психология-педагогикалық қорытындысы бойынша «жеке білім беру траекториясы» ұғымы «жеке тұлғаға бағыттап білім беру» ұғыммен салыстырып қарағанда едәуір кең ұғым болып саналады.

Жеке білім беру траекториясының іске асырылу дәрежесі, тұлғаның оқуы мен даму динамикасы, әлеуметтік белсенділігі, жалпы мәдениеті, рефлексияға қабілеттілігі белгілі бір оқу кезеңі үшін мақсатқа бағытталған, жүйелі және үздіксіз бағалау мен өзіндік бағалау нысаны ретінде портфолио көмегімен есепке алынады және бағаланады.

Білім беру бағдарламасындағы жеке білім беру траекториясының құрылымы күрделі болып келеді. Оның құрылымына келесі компоненттер қамтылған.

Мақсаттылық: (Білім беру мекемелерінің басқаруымен оқушының

қажеттілігі және негізгі мәселелер бойынша мемлекеттік білім стандартын негізге ала отырып, белгілі бір мақсат қоя білуі);

Мазмұндылық: (арнайы білім беру бағдарламасы аясына білім берудің

мазмұнын енгізу);

Технологиялық: (қолданылатын технологиялар, әдіс-тәсілдер, әдістемелер, оқыту және тәрбиелеу жүйелерін бекітеді);

Диагностикалық: (шешім шығаруға жетелеу жүйесі ашылады);

Педагогикалық-ұйымдастырушылық: (іс-әрекеттің белгілі ережеге сәйкес жүйелеу, оқушыға мінездеме жазу);

Қорытындылық: (іс-әрекеттен күтілетін қорытындыны жазу).

Жеке білім беру траекториясын қолданудың нәтижесінде  білім беру шеңберінен оқушы тәжірибе жинақтап, ол білімін басқаларға рефлексиялық жолмен  беруге әрекет жасайды. Оқушының мұндай білімі оқушы әрекеті басталған алғашқы ақпараттан-ақ байқалып ерекшелене бастайды. Жалпы зейінділікпен меңгерілген оқушы білім  төмендегі компоненттерді өзіне қамтуы тиіс:

«Нені білемін?» (өзінің білген және білмейтін білімінің мазмұны туралы ақпарат);

«Қалай білемін?»  (өз іс-әрекеті, талантының пайда болуы, дамуы және біліммен сусындауы туралы ақпарат);

— «Не үшін білемін?»  ( білім алудағы іс-әрекеті және оның қажеттілігін сезіне білу туралы ақпарат);

— «Мен білемін»  (берілген білім және ақпарат бойынша өзін-өзі бағалау).

Әрбір ұстаз алдында оқушыларға білім беруді әр түрлі жобада, оқушылармен санаса отырып, қалай ұйымдастыру керек деген сұрақ туындайды. Жеке білім беру траекториясы жаңа ұйымдастыру әдіс-тәсілі мен технологияларды талап етеді. Бұл мәселені шешу жолында қазіргі білім заман талабына сай екі түрлі қарама-қайшы жеке білім беру тәсілі қолданылады.

Бірінші тәсіл-білім берудің дифференциалдылығы. Бұл тәсіл бойынша әр оқушыға жеке бағыт бағдар беру, яғни қиыннан жеңіл тапсырмаларын ұсыну. Ол үшін оқушылар деңгейлері бойынша жоғары, орташа, нашар болып үш топқа бөлінеді. Бұл тәсіл біздің мектебіміз үшін қолайлы болып табылады.

Екінші тәсіл-әрбір оқушыға жеке білім беру.

Траектория-дамушының қозғалыс ізі. Бағдарлама-оның жоспары. Оқушы өзі әлде мұғаліммен бірігіп, өзінің білім алу тәсілін, бақылаудың түрін анықтап, өз білім алу траекториясын жоспарлайды.Траектория құрған кезде мұғалім нұсқау беруші және кеңесші ретінде оқушыға таңдауға мүмкіндік береді.  Яғни, оқушы-ақпараттық дамушы тұлға болып саналады.

Жеке білім траекториясы оқушының психикасына, сабақта жақсы психологиялық жағдай жасауға. пәнге деген қызығушылығын арттыруға, оқушы денсаулығын сақтауға тиімді әдіс.

Осылайша, дарынды балаларды жеке оқыту мен ойлау қабілетінің негізі жеке білім траекториясы құрылады.  Жеке білім беру траекториясы-дарынды оқушыны білім жолына апаратын тиімді жол. Бұл оқыту әдісі тек баламен қарым-қатынас жасаған кезде алға басады.

Жалпы айтқанда бүгінгі күнде мұғалімдердің көзқарастарында,  сабақ құрылымында, оқушыларымыздың өзара қарым-қатынастарында өзгерістер байқауға болады. Мұғалімдеріміз-дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стильден бет бұру, сабақтарда оқушы-тек тындаушы, орындаушы емес, оның іс әрекетінде ізденіс пайда болды, ал оқушылардың өзара қарым-қатынастары еркін, тәуелсіз, ашық екені байқалады. Біз мектебімізде бірлесіп жұмыс істеу арқылы мектебіміздің, мұғалімдеріміздің деңгейін көтеріп, оқушыларды дамытуға жағдай жасай аламыз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, 10.01.2018
  2. Ғылыми жаратылыстану циклы пәндері бойынша жобалық тапсырмалар. Астана 2015 Ы.Алтынсарин ат.Ұлттық білім академиясы.
  3. Крупник, С.А. Функциональная грамотность/С.А.Крупник, В.В. Мацкевич.- М.: Педагогика,
  4. Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе. Алматы.