13.09.2021

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ КІРІКТІРЕ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ

 Жуманбаева Айгуль Оразовна,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ»

мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушы

 Кабдушева Алия Жумадиловна,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ»

инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушы

 Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде жаһандану процестері ұлттық шекараларды  кенейтті, сондықтан қазіргі адамның маңызды құзыреттерінің бірі — шет тілін білу. Шет тілін білу кәсіби білім мен мүмкіндіктерді кеңейтудің негізгі құралдарының бірі болып саналады. Шет тілдерін оқытудағы түрлі әдістер мен тәсілдер қазіргі жаһандану мен интеграция әлемінде үлкен танымалдылыққа ие. Қазіргі ғылым мен техника дамыған қоғамда білім беру жүйесінде кәсіби құзыреттілігі дамыған, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етіп отыр.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға де­йінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» жарлық, «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени саясаты және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында нақты пәндер қатарына жататын биология, химия, физика информатика пәндері ағылшын тілінде жүргізілуі мақсатқа айналды.

Бүгінгі таңда жалпы орта білімнің мақсаттары өзгеріп, жаңа оқу жоспарлары, жеке дара пәндер арқылы емес, кіріктірілген білім беру арқылы өткізіліп отырған сабақтардың тиімділігін мұғалімдер ғана емес ата-аналар да байқап отырғаны мәлім. Білім беруді жаңарту оқытуды ұйымдастырудың белсенді әдістері мен формаларын пайдалануды, соның ішінде пайдалану нәтижесінде балалардың бойында дүниені біртұтас қабылдауы пайда болатын, көп айтылатын оқытудағы дәл әрекетті тәсілдің өзі қалыптасатын кіріктіріп оқытуды талап етеді. Кіріктірілген сабақ оқушылардың танымдық әрекетін белсендіруге ықпал етеді, оқуға деген қызығушылығын арттырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастырады.

Сонымен, Қазақстанда CLIL-әдісі форматындағы оқыту ағылшын тілінде, негізінен орта мектепте (10-11 сыныптар) жүзеге асырылады. Ағылшын тілінде оқыту үшін анықталған пәндер тек жаратылыстану ғылымдарына жатады. Осы төрт пәнді іріктеуді және бекітуді мектептің басты басқару органы ретінде Қамқоршылар кеңесі жүзеге асырады. Пәндерді таңдаудың негізгі параметрлері — мектеп мұғалімдерінің ағылшын тілінде сабақ беруге дайындығы, мектеп оқушыларының республиканың ең беделді жоғары оқу орындарында (Назарбаев Университеті, Нұр-Сұлтан; Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжау Институты) әрі қарай оқу үшін жеке пәндерді ағылшын тілінде тереңдетіп оқыту қажеттілігі.) және мектептерді оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету.

Кіріктіру тек пәндер бойынша білімдердің өзара байланыстары көзқарасынан ғана емес, оқыту технологиялары, әдістері мен нұсқаларын кіріктіру ретінде қарастырылады. Кіріктіріп оқыту дегенде ең алдымен сабақта пәнаралық байланыстарды дамытуды қарастыру маңызды екені ескеріледі. Кіріктіру өзін-өзі танытуға, өз ойын білдіруге, мұғалімнің шығармашылығын жүзеге асыруға, оқушылардың қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді. Химияны биологиямен, физикамен кіріктіру оқушылардың осы пәндерден жүргізген бақылаулары бойынша жасаған қорытындыларын нақтылаудың және тереңдетудің, жаңа фактілер табудың қайнар көзі болып табылады.

Жаңа ғасыр – ақпараттық технология ғасыры болып басталды. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылғандықтан, АКТға басымдық жасалды. Химия және биология сабақтарында виртуалды тәжірибелерді қолданды. Интерактивті тақтаның қыр-сырын меңгеріп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырды.

Осы онжылдықта заманның талабына сай, қажеттіліктің тереңдеуіне байланысты, халықаралық олимпиадаларға қатысу үшін ағылшын  тілінің қажеттілігі артты. Сондықтан ағылшын  тілін оқыту үрдісіне кіріктіруді енгізу — ең алдымен, оқушының сабақ үстінде дамуы мен оның психологиялық жағдайын ескере отырып, оқытуды нығайту мүмкіншіліктеріне бағытталды. Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту контексінде Қазақстандағы ең маңызды тіл – ағылшын тілі болып саналады. Себеді барлық техникалар құрылғылары мен гаджеттердің  түсіндірмесі ағылшын тілінде беріледі, шетелде оқу көп елдерде ағылшын тілінде.

Тіл мен пәнді пәнаралық байланысты жүзеге асырып оқыту танымдық міндеттерді, ұсыныстар жасауды, оқушының шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға көп жағдай жасайды [3]. Ағылшын тілін жаратылыстану бағытындағы пәндермен кіріктіріп оқыту арқылы тақырып бойынша берілген пәндік терминологияны күнделікті қазақша, орысша, ағылшынша оқып үйрену арқылы оқушының сөздік қоры  көбейеді және  ғылыми тіл дағдыларын дамытуға үлесін қосады. 

Жалпы білім беретін жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп мұғалімдері үшін, орта білім беру мазмұнын жаңарту негіздерінің бірі, үштілді білім беруде заманауи CLIL әдісін белсенді қолдану өте тиімді. CLIL пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту білім беру технологиясы пән саласы арқылы ағылшын тілін  меңгеруге мүмкіндік беріп, жағдай жасайды.  Оқытудағы кіріктірілген пәндік-тілдік әдіс (CLIL) — кең түсінік, ол пәнді шет тілдері арқылы меңгерудің оқыту әдісін сипаттау үшін қолданылады, оның негізгі мақсаты — пәнді меңгеру және шет тілі бойынша тілдік дағдыларды жетілдіру. CLIL материалдық мазмұн мен тіл үйрену арасындағы теңгерімді талап етеді, онда тіл мазмұнды оқыту құралы ретінде пайдаланылады, ал мазмұн, өз кезегінде, тіл үйрену үшін ресурс ретінде қолданылады. Сонымен бірге оқушылардың тілдік қарым-қатынастағы қажеттілігі мен мүмкіндіктерін ана тілінде ойлануларына жағдай жасайды. [1]

CLIL әдісінің тиімділігі — оқушылар дағдылары мен көзқарастарын өзгертіп қоймай, сабақ беретін ұстаздардың да сабақ беру дағдыларын өзгертеді, жоғары деңгейде ойлануға бағыттайды.

CLIL әдісінің өзектілігі — оқушылардың тілдік қарым-қатынас жасай алу біліктілін жетілдіру. 

CLIL әдісін қолдану оқушыға сабақ барысында тілдік дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік берсе, оқытушыға білімгірлерге үштілділік бойынша қолдауға мүмкіндік береді. Осы әдісті тәжірибеде қолдану оның оң тұстарын айқындауға мүмкіндік берді. CLIL әдісінің ең негізгі оң тұстарының бірі екінші тілді меңгеруге білімгердің талпынысы болып табылады.

CLIL — Кіріктірілген білім беру әдісі 4 негізгі тәсілді құрайды:

Content (мазмұны) — біліктілік дағдысын дамыту, сөздік қорын молайту. Мазмұн сабақтың немесе пәннің тақырыбына қатысты. Мазмұнның әр түрлі салалары, мысал ретінде жаратылыстану-математика бағыты бойынша  пәндер жатады. Сабақ мазмұнын жоспарлау кезінде оқушылардың тек алған білімдерін ғана емес, сонымен бірге олардың  дағды және түсіну туралы ойлану керек. Мазмұн оқытылатын пәнге немесе тақырыпқа бағыт беру керек.

Communication (қарым-қатынас) -оқушылардың мақсатты тілді сабақтың мазмұнына байланысты өз ойларын, пікірлерін, көзқарастары мен жаңалықтарын жеткізу үшін қолдануы. Оқушылардың түсінуі үшін тіл қол жетімді болуы керек. Сөйлеу де, жазу да оқушыларға «тілді үйренуге және үйрену үшін тілді қолдануға» баса назар аударады. (Coyle). Оқушылар бір-бірімен мағыналы әрекеттеседі. Топтық жұмыс өте жиі орын алады. Мақсаты  оқушыларға грамматикалық ережелерді жаттап алу емес және мұғалімді қайталау емес, шынайы тілді меңгерту. Мұғалім бағыттаушы / фасилитатор қызметін атқарушы.

Cognition (таным) — дегеніміз  оқушылардың сабақтың мазмұнын түсіну, мәселелерді шешу және оқу туралы ойлау үшін пайдаланатын сыни ойлау қабілеттерін білдіреді. Таным, оқу / ойлау қабілеті деңгейі оқушыларға сәйкес болуы керек. Андерсон мен Кратвохол (2001) жасаған таксономия сабақтарды жоспарлау кезінде пайдалы нұсқаулық болып табылады.[5]

Culture (мәдениет) — Мәдениет (қоғамдастық және азаматтық деген атпен де белгілі) сынып пен мектептің білім беру қауымдастығын және жалпы алғанда жергілікті және ғаламдық мәдениеттерді білдіреді. Студенттерді өздерін әлем азаматы ретінде түсінуге және өз мәдениетін де, басқа мәдениеттерді де түсінуге шақырады. Түпкілікті мақсат — халықаралық хабардарлық пен түсіністікке ықпал ету. Өзге ұлттың мәдениетін білу, пәнаралық байланыс орнату. Тақырыпты ғаламдық  тұрғыда түсіну қажет.

Осылайша, CLIL әдісі бойынша ағылшын тілінде жүргізу пәндік байланыстарды қамтамасыз етеді және жаңа білім беру стандарты принциптерін дамытуда практикалық нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді, болашақ түлектердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға,  олардың ұтқырлығы мен тез өзгеретін өмірлік жағдайларға бейімделу қабілетін арттыруға әкеледі. [4].

Кіріктірілген сабақтарды әзірлеу және өткізудің бірнеше кезеңдері бар:

1. Пәндерді (біздің жағдайда олардың төртеуі тілдік емес және біреуі тілдік пән) оқу кезінде жалпы ұғымдарды түсіндіруде пәндер бойынша оқу бағдарламаларын қиыстыру. Оқу бағдарламаларын талдау, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді ұсыну барысында мұғалімдермен оны зерделеу, пысықтау, жинақтау және бақылау кезінде оқушылар білімін кіріктіруді талап ететін материалдар іріктеп алынады. Бұл үдерісте терминологиялардағы, түрлі оқу пәндеріндегі сол бір шамаларға арналған бірліктердегі келіспеушіліктер жойылады. Тақырыпты өту мерзімдері, қалыптасатын ұғымдар, пәнаралық байланыстардың түрі және т.б. көрсетілген кестені құру осы жұмыстың нәтижесі болуы мүмкін.

2.Көрсетілген пәндер бойынша өзара байланысқан тақырыптардың кіріктірілген мазмұнын қарастыру, пәнаралық байланысы бар сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таңдау.

3.Кіріктірілген сабақтың түрін таңдау. Сабақтың жоспарын құру, бақылау әдістері және мектеп оқушыларының оқыту әдістері мен тәсілдерін бағалауды анықтау. Оқыту мазмұнының өзара әрекеттесуіне (өзара байланысуына), болашақ сабақтың уақытына алдын ала хронометражын өткізуге ерекше көңіл бөлінеді.

4.Сабақты жоспарлаған кезінде пән мұғалімі сабақтың оқу мақсаттарын да, тілдік мақсаттарын да тұжырымдай алуы керек. Тілдік мақсаттарды белгілегенде, пән мұғалімі көмек алу үшін тілдік пәндер мұғалімдеріне жүгіне алады. Мұғалімдердің мұндай серіктестігі сыныпта қолайлы білім беру ортасының құрылуына мүмкіндік туғызады.

5. Бірақ ең бастысы – сабақты жоспарлау барысында мұғалімдер «барлық мұғалімдер тілді үйретеді» деген жаһандық тұжырымды ұстануы тиіс [6].

Қорыта келе жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту оқушылардың құзыреттілігін қалыптастырады, танымдық әрекетін белсендіруге ықпал етеді,  қызығушылығын арттырып, өзі өмір сүріп отырған ортада еркіндікке бейімдеп, өзін танып біліп, кез келген әрекетке жауапкершілікпен, шығармашылықпен қарау деңгейіне жеткізеді. Өз ана тіліміз – бірлік үшін керек, ал өзге тіл заманнан қалыспай тірлік үшін керек дегендей ағылшын тілі — дамыған елдер арасында бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуға мүмкіндік береді. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ағылшын тілін және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді кіріктіріп оқыту. /Оқу-әдістемелік құрал/  Астана 
  2. Современные образовательные технологии. Центр проблем развития образования белорусского государственного университета charko.narod.ru\.
  3. Тілдік қатынас негіздері. – Б.Хасанов, 2006ж.
  4. Frost, D., & Durrant, J. (2003). Teacher Leadership: Rationale, Strategy and Impact [Мұғалiмнiң 12 көшбасшылығы: Мақсаттылық, Стратегия және әсері]. School Leadership & Management, 23 (2), 173-186.
  5. http://www.edurete.org/pd/sele_art.asp?ida=175
  6. Supporting teacher leadership in 15 countries: the International Teacher Leadership project [15 елдегi мұғалiмнiң жетекшiлiгiнiң қолдауы: Мұғалiмнiң жетекшiлiгi Халықаралық жобасы].