13.09.2021

БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫҢ ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЛАРЫНДА ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Алькенова Ботагөз Камзовна,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ»

оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы

жаратылыстану және гуманитарлық пәндер

 Калмаганбетова Гулайым Тастановна,

«Ақмола облысы білім басқармасының

Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі

Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясы» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.

Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.

Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.

Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.

Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады. Көптеген ғылымдардың ойынша дарындылық, қабілеттілік және талант бір ұғымды білдіреді. Оларды бірдей негізде сәтті іс-әрекетте топтастыруға әрекет жасады.

  • Нышандардың іс-әрекеттік негізінде қабілеттілік қалыптасады;
  • Әдейленген дарындылық-сапалы өзіндік қабілеттердің бірлесуінде іс-әрекет сәттілігі құрылады;
  • Жалпы дарындылық – қабілеттілік кең шеңберіндегі іс-әрекеттер;
  • Іс-әрекет сәттілігін белгілейтін жеке адамның басқа адамдарынан айыратын ерекшеліктер.

Ерекше қабілетті балаларға қамқорлық жасау – ежелден келе жатқан дәстүр. Республикамызда ашылған көптеген колледждер мен лицейлер – негізінен дарынды балалар үшін ашылған оқу орны. Мұндай оқушылар ел болашағына, оның интелектік қуатына баға жетпес резерві. Сондықтан да жер-жерден бұларды іздеп табу- аса мәнді мейірбанды, гуманистік іс. Оларды мәпелеп, қамқорлық алу – баршамызға ортақ, бүкіл халықтық шара, өйткені таланттар қай кезде де қандай да іздесе таптырмайтын ұлттың рухани байлығы.

В.Крутецкий өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады», — деп тұжырымдады.

Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық, қабілеттілік ұғымдары да бар.

Шығармашылық — өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы. Талант-қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі.

Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.

Қабілеттілік – белгілі бір іс-әрекетте ең тәуір нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін адамның жеке-дара психологиялық ерекшелік деңгейі.

 Дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің, өмірге құштарлық, биік ізгіліктің бәрінің кілті – мыңды жығатын білімде.

Адами ойлау, ізденімпаздың-табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Дегенмен табиғат оның бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарапай тарататыны анық. Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар. Біреулері кез келген бала дарынды, тек уақытында нақты қабілетін анықтап дамыту керек. Ал қарсы көзқарастар дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән. Сондықтан, дарынды балаларды іздеу алтын түйірін іздегенмен бірдей дейді. Бұл көзқарастар тұқымқуалаушылық пен тәрбиенің дарындылықтың дамуындағы рөлін талқылаудың жауабы.

Балалардың келешегі жөнінде ойланбайтын, балалардың қабілетті, дарынды, талантты болып, болашақ қызметтерінде үлкен жетістіктерге жетуін армандайтын ата-аналарды табу өте қиын. Бірақ сөйте тұра солардың барлығы бірдей қабілет деген не, оны қалай дамытуға болады және бұл жұмыста жанұя қандай міндет атқару керек дегенді біле бермейді. Қабілеттілік туа бола ма, жоқ әлде жүре бола ма? Олар тұқым қуалай ма, жоқпа? Қабілеттілік барлық балада бірдей дамыту мүмкін бе? Оған қалай жетуге болады? Міне, бұл сұрақтарды ата-аналар жиі қояды.

Қабілеттілік жалпы ақыл қабілетті және арнайы қабілет болып бөлінеді. Жалпы қабілет негізінен ойлауға қатысты болып келіп, оның аңғарғыштық, ойланғыштық, дербестік, сыншылдық, икемділік т.б. қасиеттерінен көрініп отырады. Жалпы қабілет адамның өзін ой-әрекеттерінің түрлі салаларынан көрсете білуге мүмкіндік жасайды.

Жалпы қабілеті дами білген оқушы математика, әдебиет сабақтарын бірдей жақсы игеріп, мектеп шеберханасы, тәжірибе алаңы, лабораториядағы түрлі еңбек тапсырмаларын да сәтті орындап отырады. Қабілет, дарындылық, талант қалай пайда болады? Олардың табиғаты қандай? Туа болған қасиеттер мен жүре игерген қасиеттер арасындағы қатынас неде? Бұл сұрақтардың бәрі де қазіргі психология ғылымының шұғылданатын мәселелерінің ең күрделісінен саналады.

Психологтардың басым көпшілігі қабілеттілік әрекет үстінде оқытып, тәрбиелеу негізінде қалыптасып, дамиды деп есептейді.

Шығармашылық дарындылық белгілерінің тізімдерінің сараптамасы мінез – құлық аспектілерімен байланысты сипаттамалардың бар екендігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде дарынды балалардың ерекшеліктері мен бейімділігін және мінез-құлқын сипаттайтын бірнеше тізімдер бар. Мысалы, әлемге әйгілі Б.Кларктың кітабында дәл осындай бес тізім бар. Олар баланың ойлау, шығармашылық қабілеттерін және өнер саласындағы (ән, би, драма т.б) қабілетін сипаттайды.Баланың шығармашылық дарындылығының сипаттамалары нәтижесінде мына сипаттамаларды атап айтуға болады:

  • Зерттеу кезінде білімге ерекше құштарлық танытатын жоғарғы қажеттілік;
  • Ақыл-ойдың жоғары қажеттілігі;
  • Тек кешегі мен бүгінгі ғана емес, болашақ абстрактылы идеялар мен теорияларға қызығушылығы;
  • Белгілі бір іс-әрекетке, кәсіпке аса қызығушылық таныту, бір іспен шұғылдану;
  • Өз бетімен белгілі бір мақсатқа жетуге табандылық көрсете білу.

Шығармашылық қабілеттің дамуы әрбір балаға қажет екендігін, әр тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып, дарынды балалардың тек өткенге емес, болашаққа да қызығушылығымен, іс-әрекеттердің жаңа тәсілдерін көбейтуге қабілеттерімен ерекшеленетіндігін атап өту қажет. Сонымен бірге бұл жеке тұлғалық дамудың мақсаттарына да жауап береді. Бұл жөнінде К.Урбан былай деп тұжырымдаған: «Қазіргі заман талабына сай шығармашылық қабілеттің дамуына бағытталған білім дегеніміз – аз уақыт ішінде мол идея қорын алу емес, керісінше, жеке тұлғаның толық дамуын қамтамасыз ететін іс».

Мектеп балаларымен жұмыс істеу – ерекше маңызды педагогикалық проблема.

Яғни осындай жұмыс істеу бағыттары арқылы бала белгілі бір шеберлікке жеткен соң, оның шығармашылық қабілеті дамиды, өзіндік идеясы туып, үлкен ізденіс пайда болады.

Дарынды баланың бойындағы дамыған сана белсенділігі мен таным белсенділігі, тума қабілеті. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы және ұстаздардың көмекгі арқылы ашылады және дамиды.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге әсерін тигізеді.

Дамыта оқытудың басты мақсаты – баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту.

Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, шығармашылық бағытта жан-жақты дамытуда, дамыта оқыту технологиясының тиімділігі ерекше.

Дарынды балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:

1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.

2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.

3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.

4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары.

5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.

Осы айтылған тұжырымдарды қорыта келе, дарынды балалардың қабылетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп алуға болады:

1. Сабақтар, ОҚҒ-ның жұмысы.

2. Пәндік үйірмелер.

3. Тіл мерекесі.

4. Абай оқулары.

  1. Олимпиадалар.

6. Интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубы.

7. Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау).

8. Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға бару, белгілі адамдармен кездесу).

9. Шеберлер байқауы (ақындар айтысы, шешендер сайысы, би үйірмесі, шебер қолдар үйірмесі).

10. Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар, жобалар байқауларына қатысу.

Заман талабына сай қазіргі білім беру үрдісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны белгілі.

Әр мұғалімнің басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.

Оқу үрдісі уақыт талабымен қаншама өзгермесін, тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына сіңіре алады.

Қазіргі кезде балалар дарындылығын арттыру үшін өміріне көптеген жұмыстар ұйымдастырылды.

Яғни баланы оқыту мен тәрбиелеуде түрлі ізденіс жұмыстары арқылы дарындылықты анықтап олардың дұрыс қалыптасуына жағдай жасау керек. Дарынды, қабілетті балалар өзінің бойындағы ерекше қабілеттері арқылы ең жоғарғы нәтиже жеткен балалар.

Қорытындылай келе  айтарым, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқытып, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыруымыз керек. Ендеше, бізге ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі ұрпақ керек екенін естен шығармауымыз керек. Бұл-ұстаздарға, барлық жұртшылыққа жүктелетін ауыр да абыройлы іс. Еліміздің білімді, саналы азаматтарын тәрбиелеп шығарудан артық, ұстаз үшін бақыт болмаса керек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Елубаев А.О. Дарынды оқушыларды тану ерекшелігі – Дарын, 2009. №5, 112-116б.

2 Ерматов Ш.Р. Дарынды балаларға арналған мектеп оқушыларының шығармашылық белсеңдылыгын дамыту туралы/ Білім-образование, 2009. №5, 3-5б.

3 Акменбетов Қ.Ж. Дарындылықтың теориялық негіздері // Педагогика мәселелері, 2009. №2, 130-134б.

4 Бекжанова М.Б. Дарынды балалармен жұмыс – заман талабы // Қазақстан орта мектебі, 2009. №5/6, 18-25б.

5 Омарқұлова С.А. Дарынды баламен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлерін жетілдіру // Мектептегі технология, 2009. №5, 3-4б.

6 Темірбаева С. Дарынды оқушылармен жүйелі жұмысының маңызы // Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл, 2009. №7-8, 11-12б.

7 Тоқтарбаева Р. Дарынды оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу // Тәрбие туралы, 2010. №6, 7-9б.

8 Шырынбаева Г.К. Оқушы дарындылығын анықтау теориясына негізделген мұғалім қызметі // Қазақ тілі: әдістеме, 2010. №3, 2-4б.