13.09.2021

Қашықтан оқыту жағдайында өзін-өзі тану сабақтарын ұйымдастыру

Абдраимова Асем Бауыржановна,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ»

«Өзін-өзі тану» РАББ  тренері, п.ғ.м. 

Қазіргі мектептің басты міндеттерінің бірі әр оқушының қабілетін ашу, жоғары технологиялық әлемде өмір сүруге дайын адамды тәрбиелеу болып табылады. Мектеп зияткерлік және рухани-адамгершілік білім бірлігімен анықталатын тұлғаның тұтас дамуына ықпал етуі тиіс.

Білім беру саласындағы прогрессивті жаңалықтар, мысалы, қашықтан оқыту нысаны сияқты, білімнің тұрақты және жүйелі жаңаруын қалыптастыруға, белсенді танымдық ізденісте болу қажеттілігінің туындауына, өзінде жауапкершілік, зейінділік, дербестік қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал етеді.

Қашықтан оқыту нысанында сабақтарды дайындау кезінде педагогке оқушыларға сабақтың барынша ыңғайлы форматын, қолжетімді платформалар мен арналарға сілтемелер беру, оқушылардың психоэмоционалдық жағдайын ескеру маңызды.

Қашықтан оқыту- бұл білім алушының қызметін жылдам және икемді үйлестіруге мүмкіндік беретін заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, өз бетінше оқыту принципіне негізделген оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру.

Қашықтан оқытудың мақсаты – оқушыларға өзгермелі жағдайда «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сапалы білім алуға мүмкіндік беру, оларға осы әлеуметтік-экономикалық жағдайда табысты бейімделуге, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына ықпал ететін қасиеттерді қалыптастыруға көмектесу.

Оқыту ортасы мұғалім мен оқушылардың кеңістікте және уақытта қашықтығымен анықталады, сонымен қатар телекоммуникация құралдарының көмегімен диалогты қолдау мүмкіндігі бар. Сабақта заманауи ақпараттық-компьютерлік технологияларды қолдану оқушылардың қызығушылығын тудырады, танымдық-шығармашылық қызметті белсенді етіп,аналитикалық ойлауды дамытуға ықпал етеді.

Оң жақтары байқалады:

* оқыту сапасының өсуі;

* оқытуды икемді саралау;

* белсенді танымдық-шығармашылық қызметке тарту;

* зерттеу қызметінде үлкен дербестік көрсету;

* ата-аналармен ынтымақтастық мүмкіндігі;

* таңдау еркіндігі және сабаққа дайындық жылдамдығы

Қашықтан оқыту жағдайында сапалы нәтижелер алуда белгілі бір қиындықтар бар, бұл:

* мұғалімнің оқушылармен құрған эмоциялық диалогының болмауы;

* ғимараттың географиялық орналасуына байланысты Интернет желісінің әлсіз жұмысы;

* оқушының қабілеті мен өзін-өзі тануы; тапсырмаларды орындау кезінде ата-аналардың шектен тыс қамқорлығы, жобалау қызметіне қатысу.

Қашықтан оқытуға көшу кезінде өзін-өзі тану мұғаліміне қажет:

1. Қашықтан оқытуға көшуге және онлайн-сабақтарды өткізуге техникалық дайындығын тексеру, тиісінше оқу сабақтарын өткізу тәсілін таңдау.

2. Оқу материалдарын, қосымша электрондық әдебиеттерді дайындау және қалыптастыру.

3. Оқушылармен, ал бастауыш сыныптарда ата-аналармен өзара іс-қимыл форматын анықтау және ойластыру.

4. Кері байланыс пен бақылауды ұйымдастыру тәсілін анықтау.

5. Оқытудың интернет-платформаларының және онлайн-платформаларының жұмыстарын ұйымдастыру.

6. Қашықтан оқыту жағдайында оқушыларда туындайтын қиындықтарды талдау және оларды еңсеру алгоритмдерін жасау.

Қашықтан оқыту жағдайында мұғалімнің өзін-өзі тану сабақтарын дайындауына қойылатын талаптар

Қашықтан оқытуды ұйымдастыру кезінде оқушылар ресурстардың кең спектріне жүгіну мүмкіндігіне ие, олар: білім дерекқоры, мультимедиа жүйесінің әртүрлі түрлері, бейне-аудиожазбалар, электрондық кітапханалар және дәстүрлі оқулықтар мен құралдар. Педагогикалық үдерісте қашықтан оқыту жағдайында әртүрлі ақпараттық қызмет түрлері қолданылады: электрондық пошта, телеконференциялар, гипермәтіндік орта, Әлемдік интернет желісінің ресурстары.

Өзін-өзі тану педагогтарының арсеналында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының порталында орналастырылған оқулық, мұғалім үшін әдістемелік құрал, оқушы дәптері, электрондық оқулықтар, қосымша материалдар кіретін оқу-әдістемелік кешендер бар.Аталған оқыту құралдары оқу материалын жедел меңгеруге, кері байланыс алуға, пікірлерді жіберуге, оқу барысын талқылауға, тиісінше білім сапасын арттыруға ықпал етеді.

Қашықтан оқытуды қолайлы, қолжетімді және ыңғайлы форматты ескере отырып ұйымдастыруға болады. Мұғалім сабақты ұйымдастырудың түрлі нұсқаларын қарастыра отырып, үлкен дайындық жұмыстарын жүргізеді.

Бейнесабақ форматын пайдаланғанда мұғалімнің мүмкіндіктері:

▪ Электрондық пошта, WhatsApp, басқа мессенджерлер арқылы «Бөбек» ҰҒПББСО әзірлеген YouTube «Өзін-өзі тану бейнесабақтары» арнасында орналасқан бейнесабақ үшін сілтеме беру немесе өзі әзірлеу;

▪ оқушыларға бейнесабақты міндетті түрде көруді ұсыну;

▪ білім алушыларға бейнесабақ, фильмдерге, кітаптарға сілтемелерді көргеннен кейін өз бетінше оқу/орындау үшін тапсырмалар беру;

▪ электронды журналдар жүйесінде, электрондық пошта, WhatsApp, басқа мессенджерлер арқылы өз бетінше орындауға тапсырма беру;

▪ kundelik.kz электрондық журналдар, bilimal.kz, mektep.edu.kz жүйелері арқылы, электронды журналдар болмаған жағдайда-педагогтың қалауы бойынша байланыстың қолжетімді түрлері арқылы кері байланысты жүзеге асыру.

 Онлайн оқыту платформаларын қолданғанда оқушылар сабақ кезінде мұғалімді көреді, ал мұғалім веб-камерасы қосылған барлық оқушыларды көреді:

  • білім алушыларға нақты уақыт режимінде сабақ кестесін ұсыну, сабақ кестесін мектеп әкімшілігімен келісу;
  • сабақ барысында PowerPoint презентациясының экранында мәтіндерді көрсету, материалды, тапсырманы түсіндіру, оқушылардың сұрақтарына жауап беру;
  • бейне, аудиожазбалар көрсету, мәтінге сілтемелер беру, файлдармен алмасу, оқушылармен чаттарда сөйлесу, квестерден өту және т.б.;
  • осындай формата «Жағымды көңіл-күйге келу», «Тыныштық сәті», «Хормен ән айту» сияқты әдістерді өткізу;
  • чатта алдағы оқу үдерісі бойынша жоспарлар мен нұсқаулықтарды, шығармашылық тапсырмаларды, жоба бойынша тапсырмаларды орналастыру;
  • білім алушылардың қарым-қатынасын ұйымдастыру, топтық жұмысты ұйымдастыру;
  • чатта Learning Apps және Quizlet, Book Widgets қосымшаларына сілтемелерді орналастыру;
  • чатта ұжымдық ми шабуылын ұйымдастыруға көмектесетін Padlet интерактивті онлайн-тақтасына сілтемені немесе соған ұқсас қосымшаларды орналастыру (тіпті қатысушылар қашықтықта болса да), белгілі бір тақырып бойынша виртуалды көрме, плакат немесе қабырға газетін дайындау;
  • оқылатын тақырыптың белгіленген мәселесі бойынша идеялар, мысалдар жинауды ұйымдастыру;
  • чатта сауалнаманың нәтижелерін автоматты түрде шығаруға мүмкіндік беретін платформаларға сілтеме жасау (Google нысандары).

Нақты уақыт режимінде оқу үдерісін ұйымдастыруға арналмаған Интернет-платформаларды пайдаланған кезде (BilimLand, Kundelik.kz, Dating.онлайн, Microsoft TEAM, Google classroom):

— сыныптар құру;

— өз бетінше оқу үшін тапсырмалар материалын, мәтіндерді ұсыну;

— ұсыну, қол жетімді сандық ресурстарды пайдалануға сілтемелер беру;

— оқушылар үшін жоба бойынша тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар ұсыну;

— жұмысты тексеру және нәтижесін бағалау, қоса берілген түсініктемелермен жұмысты қайтару;

— білім алушылардың қарым-қатынасын ұйымдастыру;

— LearningApps және Quizlet, BookWidgets және т. б. ресурстарды бекітуді ұйымдастыру.

— чатта ұжымдық ми шабуылын ұйымдастыруға көмектесетін Padlet интерактивті онлайн-тақтасына сілтемені немесе соған ұқсас қосымшаларды орналастыру (тіпті қатысушылар қашықтықта болса да), белгілі бір тақырып бойынша виртуалды көрме, плакат немесе қабырға газетін дайындау; оқылатын тақырыптың белгіленген мәселесі бойынша идеялар, мысалдар жинауды ұйымдастыру:

— сұрау нәтижелерін автоматты түрде шығаруға мүмкіндік беретін платформалармен интеграциялау кезінде сауалнаманы, тестілеуді ұйымдастыру (Google нысандары).

Барлық аталған форматтар бір-бірін толықтырады, қашықтан оқытудың барлық форматтарын пайдалану кезінде интерактивтілікке және мұғалім – білім алушылар, білім алушы  – білім алушылар арасында нәтижелі академиялық өзара іс-қимыл жасауға қол жеткізіледі.

Өзін-өзі тану мұғалімі үшін өмірде адамның рухани-адамгершілік дамуының негізі болып табылатын жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстанудың маңыздылығы идеясын жеткізу қажет.

Қашықтан оқыту жағдайында оқушылар мен мұғалімнің бір-бірінен алыстығына, оқушы тарапынан эмоциялық байланыстың болмауына және басқа да қиындықтардың болуына қарамастан, оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін жеткізу, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының қағидаларын басшылыққа алу, интерактивтілік, эмоциялық көтеріліс, сабаққа жағымды көңіл-күй атмосферасын жасау қажет.

 Өзін-өзі тану бейнесабағын әзірлеу әдістемесі

Қашықтан оқыту жағдайында өзін-өзі тану сабақтарын сапалы өткізуді ұйымдастыру үшін тиісті ресурстарды (материалдар, дереккөздер және т.б.) іріктеу маңызды. Педагог сабақтың мазмұнына сәйкес келетін ақпараттық құралдарды, аудио-бейнематериалдарды кеңінен іздестіруді жүзеге асырады. Мұғалім өзі бейнесабақ сияқты медиаресурсты жасай алады.

Өзін-өзі тану бойынша бейнесабақтар (аудиосабақтар) бөлім, тақырып, сынып және сабақ нөмірінен басталады. Жоспарлау кезінде сабақтың құндылығын, сапасын, мақсаттары мен міндеттерін анықтау керек.

Бейне сабақтарының ұзақтығы – 10 минут. «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру, сауықтыру орталығының ұжымы бейнесабақтар әзірледі. Бейнесабақтарға сілтеме:

https://www.youtube.com/channel/UCS2IEetTjsJyMPIGgilWspw

Өз бейнесабақтарды жасауда «Бөбек» ҰҒПББСО порталында ұсынылған PowerPoint презентацияларын пайдалануға болады. Сабақ презентациясына сілтеме: http://midedu.ozin-ozi-tanu.kz/article/show/id/8592

Өзін-өзі тану бейнесабақтарын(аудиосабақ) әзірлеудің шығармашылық тәсілі сабақтың келесі жоспарын жасауға мүмкіндік берді (1-суретті қараңыз). Сабақ жоспарынан көрініп тұрғандай, бейнесабақ форматына жағымды көңіл-күй, хормен ән айту, тыныштықтың соңғы минуты сияқты әдістер енген жоқ. Оларды онлайн-платформа, мессенджерлер арқылы оқушылармен тікелей қарым-қатынас жасау барысында ұйымдастыруға болады.

Қашықтан оқыту жағдайында өзін-өзі тану бейнесабағының жоспары

Сынып 
Тарау 
Сабақтың нөмірі және тақырыбы 
Құндылық 
Қасиеттер 
Сабақтың мақсаты 
Міндеттері 
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдеріМұғалім сөзінің мәтініРесурстар 
Мұғалімнің кіріспе сөзі 1 слайд
Дәйексөз 2 слайд
Оқиға әңгімелеу 3 слайд4 слайдБейнематериалға сілтеме беріледі
Әңгімелесу 5 слайд
Шығармашылықіс-әрекет 6 слайд
 Жобалық іс-әрекет  7 слайд
 
 Сабақтың аяқталуы            8 слайд

 1-сурет. Қашықтан оқыту жағдайында өзін-өзі тану бейнесабағының жоспары

 Өзін-өзі тану бейне сабақтарын жоспарлау барысында:

1. Слайдтың титулдық парағын сауатты рәсімдеу қажет (эстетикалық тұрғыдан талапқа сай), онда сынып, сабақтың тақырыбы мен нөмірі көрсетіледі.

2. Слайдтар 8-10-нан аспауы керек. Олар мұғалімнің сөзімен сүйемелденеді. Мұғалім қай кезде кадрда, қай кезде кадрдың сыртында сөйлейтінін алдын ала анықтау маңызды.

3. Жоспарлаудың міндетті шарты сабақтың негізіне алынған құндылықтар мен рухани-адамгершілік қасиеттерді анықтау, қашықтан оқу сабақтарының ерекшелігін ескере отырып сабақтың мақсаты мен міндеттерін қалыптастыру болып табылады. Слайдта сабақтың мақсаттары мен міндеттері көрсетілмеуі мүмкін, бірақ мұғалімнің сабақта нені үйренетінін оқушыларға жеткізуі маңызды.

  1. Сабақтың жағымды басталуы маңызды. Өзін-өзі тану сабағына оқушыларды шақырған кезде мұғалімнің сергек дауысы өте маңызды. Осы кезеңде бүгінгі сабақтың неге арналатыны туралы шағын ақпарат беріледі.

5. Бұдан әрі мұғалім алдыңғы сабақта қандай сұрақтар қаралғанын еске түсіруді ұсынады, осылайша тақырыпты ашудағы бірізділікті белгілейді.

6. Слайдта сабақтың дәйексөзі ретінде қолданылған сөз болуы тиіс. Мұғалім автордың адамзаттың рухани мәдениетіне қосқан үлесі тұрғысынан сөз сөйлейді және автор туралы әңгімелейді. Дәйексөзде сабақтың жетекші идеясы жазылған.

7. Келесі слайдта дәйексөз бойынша сұрақтар ұсынылуы мүмкін. Слайдтарды «Дәйексөз» немесе «Сұрақтар» және т. б. сөздермен атауға болады.

8.Келесі слайд оқушыларды сабақтың орталық буыны болып табылатын мәтінмен таныстыруға арналады. Мұнда мазмұндалған мәтін бойынша бейнематериалдар орналастырылуы мүмкін. Мәтінді мазмұндап айтқан соң, мұғалімнің әңгіме кейіпкерлерінің адамгершілік тұрғысындағы қылықтарына қатысты түсініктеме бере отырып, оқушыларды мазмұны бойынша ой бөлісуге шақыру маңызды.

9. Танымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастыруға байланысты шығармашылық тапсырмалар педагогтан суреттерді, репродукцияларды, ребустарды, кестелерді және т.б. пайдалана отырып слайдтарды ресімдеуді талап етеді.

Шығармашылық тапсырманың мақсатын дұрыс қою маңызды, себебі шығармашылықта автордың өмірлік ұстанымы мен зертеліп отырған тақырыпты түсінуі көрініс табады. Шығармашылық қызметті жобамен біріктіруге болады, өйткені шығармашылық – бұл зерттеу, өзін-өзі тану үшін тағы бір мүмкіндік.

10. Сабақ соңында мұғалім оқулықта ұсынылған оқу ақпаратын қолдана алады, осылайша сабақ қорытындысын шығарады.

  1. Мұғалім оқушыларға сабақ үшін алғыс білдіреді және оларға өзін және қоршаған ортаны тануда табыс тілейді.

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 Андреев, А.А. Введение в дистанционное обучение. — М.: МЭСИ, 1997.

  1. Белозубов А.В. Система дистанционного обучения Moodle: учебно-методическое пособие / А.В. Белозубов, Д.Г. Николаев. — СПб. 2007.
  2. «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы. Қашықтан оқыту жағдайында өзін-өзі тану сабақтарын ұйымдастыру және өткізу. Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар Алматы, 2020.
  3. Вайндорф – Сысоева М.Е., Грязнова Т.С., Шитова В.А. Методика дистанционного обучения. – ЮРАЙТ, 2017.