13.09.2021

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытудың ерекшелігі

Алькенова Ботагоз Камзовна,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ»

инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы 

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты

әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»
Н.Ә.Назарбаев


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің, білім беру ұйымдарының өзге қызметкерлерінің өмірін және денсаулығын сақтау, коронавирустық инфекцияның таралуыныңалдын алу мақсатында жаңа 2020-2021 оқу жылын қашықтықтан оқыту  форматында жүргізуде.  Оқыту сапасы, ең алдымен, қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтің кәсіби құзыреттіліктеріне байланысты. Осы тұрғыда білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген педагогикалық технологиялар: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, проблемалық оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту, деңгейлеп оқыту т.б.

Жаңа оқыту технологияларының мәні-шығармашылық қабілет, дербестік, ізденімпаздықтың дамуы үшін жағдай жасау. Оқу әрекетінің шығармашылық әрекеттен айырмашылығы: ол баланың өзін-өзі қалыптасуына өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдайды шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады. Баланың білімін тереңдетуде шығармашылығын, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейтіп, талғам деңгейін жоғарылату барысында жаңа оқыту технологияларының алатын орны ерекше. Жаңа технологиялар баланы тек үйренуші ғана емес, өзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған дара тұлға ретінде тәрбиелеуді мақсат етеді. Оқушы — ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Мұғалім-әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы-әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

Сыни ойлау -белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап, оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс» екенін атап көрсеткен. Сыни ойлау – адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

Ал қашықтықтан оқытудың негізгі міндеттерінің бірі- сабақ мақсатын сауатты қою арқылы сабақты жоспарлау, сабақтың мазмұны мен құрылымын құрастыру болып табылады.

Қашықтықтан оқытылатын сабақ — белгілі бір уақыт аралығында  сабақты қашықтықтан ұйымдастырудың формасы, мұнда мұғалім оқушыларға оқылатын материалдың негіздерін меңгеру, тәрбиелеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында олардың жеке және топтық іс-әрекеттерін басқарады.

Технологияның да басты мақсатыда дамыта оқыту негізінде «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»  бойынша сабақтың үш кезеңінде  мақсатқа жету.  Мұғалімдер осы кезеңдерді білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша құрылған сабақтарында да мықты қолданып келеді.

І.   Қызығушылықты ояту

Бұл кезеңде оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып, қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабаққа тарту.

Бұл жерде дәстүрлі әдістердегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ, неге жоқ?», «Бүгін қай күн?» деген сұрақтарды алмастырып, керісінше сабаққа жағымды ахуал туғызады.

Бұл  қызығушылықты ояту кезеңі -«Жаңа білімге көпір салу». Бұл сәт «Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деп дайын дүниені айтып беруден алыстатады. Орнына, білетін білімді еске түсіре отырып, жаңа білімге көпір салу болып табылады. Қызығушылықты ояту кезеңінде, үйрену процесі бұрынғы білетінімен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы нені біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды ояту ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Ойлану», «Жұпта талқылау», Болжау», «Әлемді шарлау» т.б. деген атаулы әдістер жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену енжарлықтан көрі белсенділілікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап оны байырғы біліммен ұштастырады.

ІІ.   Мағнаны ажырату.   Белсенді түрде оқу.

Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар: болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, ББҮ, сұрақ қоя білуді үйрену, өзара оқыту, топпен болжау, топпен зерттеу, т.б.  Осы әдіс-тәсілдерді қолдану кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін-өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің дамуы, шығармашылық іс-әрекетінің оянуы, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады. Ойлану мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші «Мағнаны тану»  кезеңінде жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Бұл кезеңде оқушының өз бетімен жұмыс жасап белсенділік көрсетуіне жағдай жасап  көмектесетін  басқа стратегиялар бар. Мысалы, INSERT – оқығанын түсінуге өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанда есте  сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағнаны түсінуде INSERT-ті қолдану аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпір құрастыруға, яғни байланыс құрауға дағдыланады.

ІІІ.  Ой толғаныс.   Оқуды қорытындылауы.

Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жолды өлең» т.б. тәсілдерін қолданып қорытындылайды.    Топтық жұмыстың бала танымына тигізетін оң әсері көп. Топтың алдына қойылған проблеманы шешу мақсатында, оқушының жинақтаған біліміне азды-көпті өз тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа әдіс-тәсілдерді іздеу арқылы шығармашылық әрекет қалыптасады. Ал топпен жұмыс істеудің маңыздылығы мынада:

  1. Топ жеке адамның пікірімен санасады.
  2. Іс-әрекетке қатысатын әр оқушы сол топтың беделін, намысын қорғауға тырысады.
  3. Оқушы бойында болжау жасау, қиял, шығармашылық дамиды.
  4. Бір-бірімен ізгілікті қарым-қатынас жасайды, достық тілек, өзгенің пікірімен санаса білу, ойларын айта білу дағдылары қалыптасады.
  5. Бойларындағы жасқаншақтық, жалтақтық, ұяңдық сияқты психологиялық мінез кеселдерін жоя отырып, мінез күштерін қалыптастырады.

      Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап салмақтап оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білімін үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзіне өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған:  «Бес жолды өлең», «Венн көрсетуі», «Еркін жазу», «Екі түрлі түсініктеме күнделігі», «Ойлану стратегиясы»», т.б. осы сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықты қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

Мысалы, «Екі түрлі түсініктеме күнделігін» жүргізгенде мәтінді оқу барысында  дәптердің оң бөлігіне мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол жағына — сол еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдар қандай).

Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде, қорытуға құрылған сұрақтар төмендегідей болуы мүмкін:

  1. Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
  2. Автор оқырманды қалай қызықтырды?
  3. Кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз? т.б. түрінде.

Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді. Ақпараттарды өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге машықтандырады.

Сондай-ақ әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.

Оқу мен жазу арқылы  сын тұрғысынан ойлауды дамыту  дегеніміз не? – деген сұраққа американдық профессор Дэвид Клустер, сыни деп айтуға келмейтін құбылыстарға тоқтала отырып, сыни тұрғыда ойлауды анықтайтын үш пункті ұсынды:

Біріншіден,  сыни тұрғыдан өзіндік жеке ойлау   болып табылады дейді (мысалы сабақ барысында әр оқушының өз ойлары мен пікірлерін басқалардан тәуелсіз құруы).

Екіншіден,  сыни ойлауды тудыратын білім  дәлелдемелері  екеніне тоқталады.

Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан  басталады, — дейді.

Бұл жерде адамзат баласының Абай айтқандай, үш түрлі мінезбен туатыны, яғни соның бірі көрсем, білсем деген талпыныс құмарлығы туралы пікірімен үндеседі.

Бұл жөнінде шығыстың ғұламасы Аристотель «Ойлау таңданудан басталады, табиғаттың ашылған құпиясы алдында шынайы таңырқау – ойдың күшті тасқынын тудыратын қуатты түрткі» — деген.

21 ғасыр мектебінің мақсаты жас жеткіншектердің жауапкершілігі жоғары, парсатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға қалыптастыру. Мұғалімдер осы мақсатты орындауға бейімделген маман болуы шартты.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру заман талабы.

Бүгінгі ең негізгі мәселе болып отырған жағдай оқушылардың ойын оқу мен жазуға сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту жүйесін қолға алу.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз, педагогтың бағыттауымен оқушының өздігінен білімді  игеруі. Нәтижесінде неғұрлым дамытылған оқушының жеке тұлғасы қалыптасады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты сынауға емес, шыңдалған ойлауға үйрету.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі қандай дейтін болсақ, ол үйрену процесінде оқушыларға серік болып, бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап өз ойын, ақылын айтып отырады. Бүкіл қайнаған істің ортасында білім алу, үйрену ісін ұйымдастырушы деуге болады.     

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:

  1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.
  2. Оқушыларға ойланып, толғануға, ойын ашып айтуға рұқсат беру.
  3. Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
  4. Үйрену барысындағы оқушылардың іс-әрекетін қолдау.
  5. Кейбір оқушыларда кездескен қолайсыз жағдайларыд әжуаға айналдырмау.
  6. Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.

Бұл ережелердің алдымен мәні түсіндіріліп, одан кейін қадағаланады.

Бағдарлама стратегиялары оқушылардың бірін-бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретеді. Бұрын үндемей отыратын балалардың ерекше өтетін сабақ барысында еркін сөйлеп, қызу араласа отырып, ойларын ашық  жеткізулеріне сыншыл көзқарас байқатуларына мүмкіншілік туғызады.  Ең маңыздысы, осы оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданғанда  оқушының алған білімдерін өмірде қажеттілігіне қарай пайдалана алуына ықпалы болса, нәтижесі жемісті болары анық.

Сіздердің назарларыңызға санитарлық-гигиененалық талаптарға сәйкес 1-11 сыныптарға арналған қашықтықтан оқытылатын сабақтардың технологиялық карталарын ұсынамыз.  (Үлгі).

  1. 1-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТЫЛАТЫН САБАҚТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ
Сабақ кезеңдеріУақыт үлгісіӨзара әрекеттестік форматыМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
І.   Қызығушылықты оятуҰйымдастыру сәті1Топтық чат (Whatshapp және  тб.), бейнеконференция (ZOOM, Googlemeet  және  т.б.)Бейне амандасу,  сабаққа қатысып отырған оқушылардың даярлығы мен байланысын тексеруМұғалімнің сұрақтарына жауап береді
II.Мағнаны ажырату. Белсенді түрде оқу.  Жаңа  материалды түсіндіру4Бейнесабақк (Bilimland, Aitube, Darynonline, orleu-edu.kz және  тбп.), мәтіндік  материалдар, таныстырылымдар графикалық, медиа, суреттер және т.б.Жаңа материалды түсіндіру, демонстрация (ZOOM, Googlemeet және т.б.)Материалмен танысады
 Жаңа  материалды бекіту3Тапсырма (GoogleClassRoom, Microsoft Times және  т.б.)Туындаған сұрақтарға жауап береді, оқушылар жұмысын жолдайды, түзетеді, қарайды                      (экранда көрсетілген жағдайда)(ZOOM, GoogleClassRoom, Microsoft Times және  т.б.)Үлгі бойынша тапсырма орындау
III. Ой толғаныс. Оқуды қорытындылауы Рефлексия2Топтық  чат (Whatshapp және  т.б.), бейнеконференция (ZOOM, Googlemeet және т.б.)Тапсырмаларды қорытуМұғалімнің сұрақтарына жауап береді
Кері байланысКері байланыс сипаттамасыҰсынады, кееіс береді, түсініктеме жасайды және оқытудың бастапқы кезеңіндегі түсінбеушілікті жоядыЖұмысты жақсартады

 2-5 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТЫЛАТЫН САБАҚТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ

Сабақ кезеңдеріУақыт үлгісіӨзара әрекеттестік форматыМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
    І.   Қызығушылықты оятуҰйымдастыру сәті2Топтық чат (Whatshapp және  тб.), бейнеконференция (ZOOM, Googlemeet  және  т.б.)Бейне амандасу,  сабаққа қатысып отырған оқушылардың даярлығы мен байланысын тексеруМұғалімнің сұрақтарына жауап береді
II.Мағнаны ажырату. Белсенді түрде оқу.Жаңа  материалдытүсіндіру5Бейнесабақк (Bilimland, Aitube, Darynonline, orleu-edu.kz  және  тбп.), мәтіндік  материалдар, таныстырылымдар, графикалық, медиа, суреттер және т.б.Жаңа материалды түсіндіру, демонстрация (ZOOM, Googlemeet  және т.б.)Материалдармен танысу
Жаңа  материалды бекіту3Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар  (тапсырманы орындауға арналған нұсқаулықтар, орындалған тапсырмалар үлгілері) (GoogleClassRoom, MicrosoftTimes және  т.б.)Туындаған сұрақтарға жауап береді, оқушылар жұмысын қарайды, бағыттайды,  түзетеді                      (экранда көрсетілген жағдайда)(ZOOM, GoogleClassRoom, Microsoft Times және  т.б.)Өзіндік жұмысты орындайды
Үй тапсырмасы және нұсқаулық1Үй тапсырмасын орындау  бойынша қысқаша нұсқаулықҮй тапсырмасын орындау  бойынша нұсқаулық(Қосымша 1,2)Үй тапсырмасын орындайды.
III. Ой толғаныс. Оқуды қорытындылауы. Рефлексия2Рефлексия түрін физиологиялық  және психологиялық ерекшеліктерін, сабақтың мақсатын, мазмұнын, оқыту формасын және әдісін ескере отырып  таңдауІс-әрекеттің негізгі  компоненттерін, проблемаларды, оларды шешу жолдарын, алынған нәтижелерді және т. б. анықтау. Іс-әрекетінің нәтижелерін, көңіл күйін өз бетінше бағалайды
Кері байланыс2Кері байланысты бағалау және сипаттауҰсынады, кеңесс береді, түсініктеме жасайды және оқытудың бастапқы кезеңіндегі түсінбеушілікті жоядыЖұмысты жақсартады

 6-7 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТЫЛАТЫН САБАҚТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ

Сабақ кезеңдеріУақыт үлгісіӨзара әрекеттестік форматыМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
    І.   Қызығушылықты оятуҰйымдастыру сәті2Топтық чат (Whatshapp және  тб.), бейнеконференция (ZOOM, Googlemeet  және  т.б.)Бейне амандасу,  сабаққа қатысып отырған оқушылардың даярлығы мен байланысын тексеруМұғалімнің сұрақтарына жауап береді
II. Мағнаны ажырату. Белсенді түрде оқу.Жаңа  материалдытүсіндіру6Бейнесабақк (Bilimland, Aitube, Darynonline, orleu-edu.kz  және  тбп.), мәтіндік  материалдар, таныстырылымдар, графикалық, медиа, суреттер және т.б.Жаңа материалды түсіндіру, демонстрация (ZOOM, Googlemeet  және т.б.)Материалдармен танысу
Жаңа  материалды бекіту6Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар  (тапсырманы орындауға арналған нұсқаулықтар, орындалған тапсырмалар үлгілері) (GoogleClassRoom, Microsoft Times және  т.б.)Туындаған сұрақтарға жауап береді, оқушылар жұмысын қарайды, бағыттайды,  түзетеді                      (экранда көрсетілген жағдайда)(ZOOM, GoogleClassRoom, Microsoft Times және  т.б.)Өзіндік жұмысты орындайды
Үй тапсырмасы және нұсқаулық2Үй тапсырмасын орындау  бойынша қысқаша нұсқаулықҮй тапсырмасын орындау  бойынша нұсқаулық(Қосымша 2,3)Үй тапсырмасын орындайды.
III. Ой толғаныс. Оқуды қорытындылауы. Рефлексия2Рефлексия түрін физиологиялық  және психологиялық ерекшеліктерін, сабақтың мақсатын, мазмұнын, оқыту формасын және әдісін ескере отырып  таңдауІс-әрекеттің негізгі  компоненттерін, проблемаларды, оларды шешу жолдарын, алынған нәтижелерді және т. б. анықтау. Іс-әрекетінің нәтижелерін, көңіл күйін өз бетінше бағалайды
Кері байланыс2Кері байланысты бағалау және сипаттауҰсынады, кеңесс береді, түсініктеме жасайды және оқытудың бастапқы кезеңіндегі түсінбеушілікті жоядыЖұмысты жақсартады
  1. 8-9 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТЫЛАТЫН САБАҚТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ
Сабақ кезеңдеріУақыт үлгісіӨзара әрекеттестік форматыМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
 І.   Қызығушылықты оятуҰйымдастыру сәті3Топтық чат (Whatshapp және  тб.), бейнеконференция (ZOOM, Googlemeet  және  т.б.)Бейне амандасу,  сабаққа қатысып отырған оқушылардың даярлығы мен байланысын тексеруМұғалімнің сұрақтарына жауап береді
II. Мағнаны ажырату. Белсенді түрде оқу.Жаңа  материалдытүсіндіру7Бейнесабақк (Bilimland, Aitube, Darynonline, orleu-edu.kz  және  тбп.), мәтіндік  материалдар, таныстырылымдар, графикалық, медиа, суреттер және т.б.Жаңа материалды түсіндіру, демонстрация (ZOOM, Googlemeet  және т.б.)Материалдармен танысу
Жаңа  материалды бекіту7Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар  (тапсырманы орындауға арналған нұсқаулықтар, орындалған тапсырмалар үлгілері) (GoogleClassRoom, Microsoft Times және  т.б.)Туындаған сұрақтарға жауап береді, оқушылар жұмысын қарайды, бағыттайды,  түзетеді                      (экранда көрсетілген жағдайда)(ZOOM, GoogleClassRoom, Microsoft Times және  т.б.)Өзіндік жұмысты орындайды
Үй тапсырмасы және нұсқаулық2Үй тапсырмасын орындау  бойынша қысқаша нұсқаулықҮй тапсырмасын орындау  бойынша нұсқаулық(Қосымша 3,4)Үй тапсырмасын орындайды.
III. Ой толғаныс. Оқуды қорытындылауы. Рефлексия3Рефлексия түрін физиологиялық  және психологиялық ерекшеліктерін, сабақтың мақсатын, мазмұнын, оқыту формасын және әдісін ескере отырып  таңдауІс-әрекеттің негізгі  компоненттерін, проблемаларды, оларды шешу жолдарын, алынған нәтижелерді және т. б. анықтау. Іс-әрекетінің нәтижелерін, көңіл күйін өз бетінше бағалайды
Кері байланыс3Кері байланысты бағалау және сипаттауҰсынады, кеңесс береді, түсініктеме жасайды және оқытудың бастапқы кезеңіндегі түсінбеушілікті жоядыЖұмысты жақсартады

 10-11СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТЫЛАТЫН САБАҚТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ

Сабақ кезеңдеріУақыт үлгісіӨзара әрекеттестік форматыМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
І.   Қызығушылықты оятуҰйымдастыру сәті2Топтық чат (Whatshapp және  тб.), бейнеконференция (ZOOM, Googlemeet  және  т.б.)Бейне амандасу,  сабаққа қатысып отырған оқушылардың даярлығы мен байланысын тексеруМұғалімнің сұрақтарына жауап береді
II. Мағнаны ажырату. Белсенді түрде оқу.Жаңа  материалдытүсіндіру10Бейнесабақк (Bilimland, Aitube, Darynonline, orleu-edu.kz  және  тбп.), мәтіндік  материалдар, таныстырылымдар, графикалық, медиа, суреттер және т.б.Жаңа материалды түсіндіру, демонстрация (ZOOM, Googlemeet  және т.б.)Материалдармен танысу
Жаңа  материалды бекіту10Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар  (тапсырманы орындауға арналған нұсқаулықтар, орындалған тапсырмалар үлгілері) (GoogleClassRoom, Microsoft Times және  т.б.)Туындаған сұрақтарға жауап береді, оқушылар жұмысын қарайды, бағыттайды,  түзетеді                      (экранда көрсетілген жағдайда)(ZOOM, GoogleClassRoom, Microsoft Times және  т.б.)Өзіндік жұмысты орындайды
Үй тапсырмасы және нұсқаулық2Үй тапсырмасын орындау  бойынша қысқаша нұсқаулықҮй тапсырмасын орындау  бойынша нұсқаулық(Қосымша 4)Үй тапсырмасын орындайды.
III. Ой толғаныс. Оқуды қорытындылауы. Рефлексия3Рефлексия түрін физиологиялық  және психологиялық ерекшеліктерін, сабақтың мақсатын, мазмұнын, оқыту формасын және әдісін ескере отырып  таңдауІс-әрекеттің негізгі  компоненттерін, проблемаларды, оларды шешу жолдарын, алынған нәтижелерді және т. б. анықтау. Іс-әрекетінің нәтижелерін, көңіл күйін өз бетінше бағалайды
Кері байланыс3Кері байланысты бағалау және сипаттауҰсынады, кеңесс береді, түсініктеме жасайды және оқытудың бастапқы кезеңіндегі түсінбеушілікті жоядыЖұмысты жақсартады

 ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТЫЛАТЫН САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Пән: қазақ тілі Мектеп: Орал қаласы,  №46 ЖОББМ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Қоршаған орта»
Күні: 20.04.2020 ж Мұғалімнің аты-жөні: Гилманова Ш.У.
Сынып: 2 «Ж» сыныбы Қатысқандар  саны:
Сабақтың тақырыбы:«Нұсқаулық жазамын».«Дара және күрделі етістік»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)2.1.4.1. тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау2.1.5.1.  аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын білдіру. 
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың  басыІ.   Қызығушылықты ояту2 мин Саламатсыздар ма, балалар! Бізде қазақ тілі сабағы, оқулығымыздың 86-87 беттерін ашып, дәптеріміз бен қаламымызды дайындап отырайықЕсімізге түсіріп қайталайық!-Етістік дегеніміз не?-Етістіктің қандай түрлері бар?-Кез-келген дара етістікті күрделі етістікке айналдарып айтПлатформа  ZOOM, Google ClassroomWhatsApp желісі арқылы ережелерді айтады, мысалдар келтіреді
Сабақ ортасы       15 минутМағнаны ажырату. Белсенді түрде оқу.(3мин)(3 мин)Сергіту сәті(2 мин)  (3мин) (4мин)Оқушылар«Darun.online» платформасына өтіп, сабақты қарап, тапсырмаларын орындайды. https://daryn.online/lesson/1421-nusqaulyq-dgazamyn-dara-dgane-kurdeli-etistikБоялды-боялып тұрОянды-оянып жатырКеле жатыр-келдіЖаза алады-жаздыМұғалімнің кері байланысыТөмендегі сілтемеге өту арқылы сергіту жаттығуларын орындайды.https://www.youtube.com/watch?v=by8NcRAsRAE Мұғалім « InShot» қосымшасы арқылы дайындаған бейнежазбаны қарап, «Тұңғыш қазақ ғарышкері» тақырыбына әңгіме құрастырып жазады.Видеосабақ сілтемесі:https://drive.google.com/file/d/14SfmLRJf2jEg2oG5FRZzvl6meAaCtzfC/view?usp=sharingОқушылардың жұмыстары төмендегі суреттер арқылы бағаланады. «Darun.online» платформа-сыWhatsApp желісі арқылы жұмыстарын мұғалімнің жеке чатына жібереді.МұғалімWhatsApp желісі арқылы тексереді.«Bilimland Kids» ютуб каналына өту арқылы жаттығулар орындайды.«InShot» қосымшасыарқылы дайындалған видеосабаққарайды.WhatsApp желісі арқылы жұмыстарын жібереді.
Сабақтың соңыОй толғаныс. Оқуды қорытындылауы.5 мин Сабақты қорытындылап, білімдерін бақылау  мақсатында оқушылар төмендегі сілтеме арқылы өтіп тест тапсырмаларын орындайды https://forms.gle/paXP74LNk8mTc8oN6«Google forms» сервисі арқылы жүзеге асады.«Google sheets» сервисі арқылы балалардың білім деңгейін көру

    Сонымен, интернет-платформалар сабақтың барлық кезеңдерін сақтай отырып сабақты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 1. «Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері » С. Мирсеитова, 2011 жыл.

2. «Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары», Н. Қошқарбаев, 2010 жыл.
3. «Интерактивті оқыту әдісін қолданып, сабақты жоспарлау және басқару», Ж.А. Жартынова, В.Н. Ким, Н.О. Қойлық, А.Ш. Орақова, 2009 жыл.