21.06.2021

Ақпараттық технологиялар арқылы бастауыш сынып оқушыларына сапалы білім берудің мүмкіншілігі

Кусаинова А. С.

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің магистранты

п.ғ.м., Бердыбекова Н.С.

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің оқытушысы

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр.

Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.

Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету –мұғалімнің басты міндеті.

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», -деп Абай атамыз айтқандай, озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім  күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа технологиясын сабақта тиімді қолдану басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі оқушылардың дамуына да жаңа технология элементтерін пайдалану өз әсерін тигізуде. Бастауыш мектеп- оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең.Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы, қиын да жауапты іс. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс- тәжірибесі зерттеліп,мектеп өміріне енуде. Қазіргі заманның талабына сай болу және жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған  проблемаларды шешу негізгі мақсат болып табылады, олар:

— баланы оқи білуге үйрету

— баланы ойлауға үйрету

— баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.

Осыған орай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер үстінде. Әр педагогтың міндеті-оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық ізденісті қолдау, жағдаяттар туғызып, оның шешімін табуға бағыттау, жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру.

Соңғы онжылдықта ақпараттық ресурстардың қарқынды дамуы қоғамның ақпараттану процесінің дамуына әкеліп соқтырды. Бұл даму процесінің маңызды құралы әр түрлі ақпараттырмен жұмыс істеуге жаңа мүмкіндіктер ашатын және үнемі жетіліп отыратын жаңа ақпараттық технологиялар болып табылады. Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдегі бәсекелестікті күшейте түсуде. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы  —  Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамсыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсеткендей, жалпы білім беретін мектептер реформалары оқыту формаларын, құралдарын және әдіс-тәсілдерін жетілдіру арқылы өсіп келе жатқан ұрпақтың ақпараттық кеңістікке енуін және оған бейімделуін қамтамасыз етуге бағыттай бастады.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқу үрдісінде инновациялық технологияларды еңгізудің негізгі бағыттары мен идеялары Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2030 » стратегиясында, Жаңа шетелдік білім беру тұжырымдамасында ерекше атап көрсетілген.

Ғылыми әдебиеттерге талдау жасау барысында білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану мәселесі шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулері бойынша бірнеше бағытта қарастырылған.

Қазақтың көрнекті ағартушылары мен ойшылдары да балалардың қызығушылығы жөнінде ой-пікірлер айтып, бала тәрбиесінде қызығушылықтың маңызын атап көрсетті.

Баланың сабаққа деген қызығушылығын орнықтыратын: мектеп, оқу үрдісі, тәрбие, мұғалімдер ұжымы. Бала мектепке оқуға қызығып келеді. Оқи бастаған соң жақсы оқыған пәніне қызыға түседі, сәттілігі көбейген сайын қызығуы арта түседі.

Қазіргі уақытта осы аталған зерттеудің нәтижесінде «Қызығу» түсінігі, оның даму сатылары нақтыланған, танымдық қызығудың мәні мен өзіндік ерекшелігі ашылған. Дегенмен, қазіргі оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселесі мына бір жағдайды есепке алу керектігін көрсетеді: қазіргі алынатын мәліметтердің осыдан біраз уақыт бұрын алынған мәліметтерден өзгешелігі болады. Бұған белгілі дәрежеде жаңа оқу бағдарламалары, оқулықтар, бастауыш оқытудың теориялық және ғылыми дейгейдің жоғарылауы, сонымен қатар қоғамымыздың рухани мәдениетінің өсуі де ықпал етеді.

Бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі – оқушының оқу-танымдық әрекетін басқарудың негізгі бір буыны ақпараттық технологияны таңдау. Оқушы әрекеті – білім мазмұнын білуге ынтасы, құштарлығы және оны қабылдауы. Білім мазмұны оқушыларға негізінен оқулық (немесе электронды оқулық) арқылы беріледі. Базалық білім мазмұнының дәстүрлі әдістеме бойынша оқытылуы тиімді болмай отыр. Өйткені, оқытудың ақпараттық технологиясы оқушылардың оқу ақпараттырын меңгеру қабілеттерін күшейтуге әсер етеді. Бұл соңғы уақытта ақпарат ағымы интенсивтілігінің артуына байланысты, адам 1 секундта 10 миллион байт ақпарат алатындай күйге жетіп отыр. Ақпаратты қабылдаушы мен оны өңдеу, сақтау блоктары мен ақпарат ағымының өзі үлкен жүйені құрайды.

1 –сурет. Ақпараттық технология жағдайында оқушының оқу-танымдық әрекеті

Көріп тұрғанымыздай, сызба бойынша жүйенің кірісі, масымалдау каналы мен ұмыту немесе оны естен шығару рөлін атқаратын шығысы бар. Бастауыш сынып оқушыларыныңи технологиялық білімін ақпараттық технология негізінде қалыптастыру жүйесінің құрамында мына компоненттерді қарастырамыз. — Мазмұндық (ақпараттық–компютерлік технологияны сабақтғы іс-әрекеттерге пайдалануға байланысты білім жүйесі);

Іс–әрекеттік (ақпараттық–компютерлік технологияны сабақтғы іс-әрекеттерге пайдалану і скерлігі және осы іскерліктер қалыптасып, дамитын іс–әрекет түрлерін пайдалану іскерлігі);

Технологиялық (ақпараттық – компютерлік технологияны сабақтғы іс-әрекеттерге пайдалануға даярлау үдерісін қажетті әдістер, құралдар және бағдарламалар жүйесі арқылы ұйымдастыру ерекшелігі);

Осы орайда бастауыш сынып мұғалімі бастауыш мектеп сабақтарының құрылымы мен атқаратын қызметін біліп, бұл салада болып жатқан жаңалықтар мен жаңа технологияларды қолдану әдістерімен қарулануы тиіс. Сонымен, мәселені теориялық тұрғыда зерттеу нәтижесі мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

1.Танымдық қызығушылықты арттыру – жеке тұлға қызметтік парадигманы жүзеге асырудың басты шарты болып табылады.

2.Ақпараттық технологияның педагогикалық мүмкіндіктерін және оны пайдаланудың педагогикалық мақсаттарын дәл айқындау негізінде оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру – танымдық қызығушылықтың барлық компоненттерін қамтитын, бүтін жүйе құрайтын тиімді оқу үрдісін ұйымдастырудың қажетті шарты болып табылады.

3. Ақпараттық технологияның көпфункционалды бағдарламалық- ақпараттық мүмкіндіктері: виртуальды лабараториялар, компютерлік бағдарламалық пакеттер, интернет жүйесі, мультимедия және т.б оқушының танымдық қызығушылығын арттырады, шығармашылық ізденіске баулиды.

Ақпараттық-білім берудегі басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады. Білім берудің кез-келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай логикалық ойлау жүйесін қалыптасыруға, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі — пәндік білім, екіншісі — компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдеуіне, бұрынғы алған білімдерін кеңейтуіне мүмкіндік береді. Әрбір оқушы қалаған тақырыптары бойынша тапсырмалар орындап, тестке жауап беріп, қосымша тапсырмаларды орындауға дағдыланады. Электронды оқулық арқылы түрлі суреттер, сызбалар көрсетуге, дыбыс, және музыка тыңдауға болады. Бұл әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда әсерлі, әрі тиімді. Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық құралдардың атқаратын рөлі зор. Сабақта электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артқандығы байқалады.

Электрондық оқулық оқушыға оқу материалын меңгеруге, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік береді. Бастауыш сынып пәндеріне арналған электрондық оқулықтың тест бөлімі арқылы оқушы әр тақырып арқылы толық ақпарат алады және білімін тексереді.

Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы немесе тақырыпты қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап берудің тиімділігі бар. Видео — сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (фотосуреттер, сызбалар,тарихи мағлұматтар, дидактикалық материалдар т.с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео — сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз. Кез-келген жұмыс нәтижемен өлшенеді десек, презентация жасау және оны сабақ процесінде қолдану да әр мұғалімнің жұмысының нәтижесі деп білемін. Осы жерде айта кететін бір жағдай ғаламтор беттерінен көрген керекті видеоларды сабақтарда пайдалану үшін «Ютубтан» жүктеу керек болады. Көбіне әріптестер арасында ютубтағы видеоларды жүктеу мүмкін емес деген сұрақтар туындап жатады. Бұл мәселенің түйінді шешімін айтатын болсам, «GetVideo» бағдарламасын компьютеріңізге жүктеп аласыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

2. Н.Ә.Назарбаеватың Қазақстан халқына жолдауы

3.Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

4. Мұхамбетжанова С.Т. Мелдебекова М.Т Педагогтардың ақпараттық-комуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлықтарын қалыптастыру әдістемесі: Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2015 жыл