18.06.2021

Отбасы қарым-қатнасындағы психотерапияның негізгі бағыттары

Махатова З. Д., А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті магистранты

Навий Лиза, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

әлеуметтік –педагогикалық пәндер кафедрасының оқытушысы

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Қазіргі уақытта отбасылық психотерапевтің жартысынан көбі жүйелік отбасылық теропия ағымында жұмыс жұмыс істейді, төрттен бірі психодинамикалық бағытты ұсынады. Эклетикалық бағыттың өкілдері психотерапевтік жұмыста емдік механизмдер бойынша түрлі әдістерді: гипноз, аутогенді жаттықтыру, медитация, қылықты модификациялау бойынша үй тапсырмасы, өзара қатынастың талдауы мен қорытылуы, топтық дискуссия және т.б. біріктіреді.

Шетелдік отбасы терапиясының мектептері мен бағыттары жайында.

Пало Аято мектебінің өкілі Джей Хейли “мәселені шешуші терапия” әдісінің авторы болды. Оның көптеген әдістемелері Милтон Эриксоннан алынған. Хейлидің пікірінше, отбасындағы қатынас отбасының басқа мүшелерін басқару таласының нәтижесімен анықталады. Белгі – қоршағандардың қылығын басқару тәсілдерінің бірі. Джей Хейлидің көзқарасынша, психотерапияның міндеті адамдардың басқа әсер теу тәсілін ұсынудан тұрады. Отбасы терапиясы емдік тиімділігі, егер терапиялық сессияда отбасының барлық мүшелері жиналса, айталықтай артады[1].

 Отбасы терапияға Хейлидің үлесі отбасы түрлі дерективтер (тапсырмалар) беруі болды. Тапсырмаларды орындау теңдікті қамтамасыз ететін әрбір отбасы мүшесі өз пікірін айтуға немесе бір нәрсе істеуге құқылы болды. Психотерапевт шанс уақытында да, үйге де тапсырма береді. Ол тапсырмалардың мақсаты:

  • отбасы мүшелерінің қылығын өзгерту;
  • психотерапевтің отбасы мүшелерімен қатынасты орнықтыру үшін қосымша ынталандыруды табу; тапсырмаларды орындауда отбасы мүшелерінің реакцияларын жаттап алу;
  • отбасы мүшелерінің сүйемелдеуін жүзеге асыру, яғни, тапсырманы орындау уақытысында психотерапевт көзге көрінбейтіндей қатысады.

Пало Алто мектебінде басқа ірі фигура Мюрри Бауэн болды. Оны АҚШ-тағы отбасы терапиясының негізін қалаушылардың бірі деп есептейді. Ххғасырдың 60 жылдарында отбасы психотерапиясының әдісін жасап шығарған:

Қатынастарды айқындау және анықтау.

“Үшбұрышқа кіргізілмеу” (бауэн психотерапевтерге қақтығыстарға эмоционалды берілмей, өз зейіннің қатынас процесіне шоғырлануды  ұсынған);ерлі-зайыптыларды тиңмді эмоционалды үйрету. “Мен-қалпы” сабағы.

Отбасылық психоаналитикалық терапия: Психоаналитикалық отбасы терапиясының мақсаты психотерапия қатысушыларының жеке тұлғаларының өткен бейсаналы қатынастар базасында емес, қазіргі шындыққа негізделіп бүтіндік толыққанды тұлғалар сияқты әрекеттесу жағдайында болатындай етіп өзгеруі болып табылады. Психоаналитикалық бағытталған терапевтер басқа мектептерге қарағанда аз дерективтенген.

Бұл терапевтикалық бағытта келесі техникалар қолданылады: конфронтация, кларификация, интерпретация және тәжірибелі өңдеу, коммуникативті қабілеттерді жақсарту техникалары, “бос асссоциациялар” техникасы. Психоаналитиктер бос талқылауды кенеттен сұрақтар мен тоқтатып, бақылау мен тыңдауды таңдайды.

Отбасылық жүйелік терапия: Бұл бағыттың ірі өкілдері  — Мара Сельвини Палаццай, Клу Маданес; Сальвадор Минухин және т.б. қазіргі уақытта жүйелілік бағыт ең кең танылған перспективті, экономикалық орынды және отбасы терапиясының терапевтикалық тиімді бағыттарының бірі болып есептелінеді. бҰл бағыттың дамуынша айтарлықтай әсер көрсеткен Илья Пригожиннің жалпы жүйенің теориясы жағдайы боладын.

Жеке отбасы теропиясында отбасы құралған байланыстарды сақтау мен эволюциясына талпынатын бүтіндік жүйе ретінді қарастырылады. Отбасы пайда болуы (тіршілігі) бойында дамудың заңдылығы дағдарыстан өтеді (некеге тұру, ата-аналық отбасынан бөлу, жүктілік, баланың туылуы, баланың мектепке дейінгі мектеп мекемесіне түсуі, олардың мектепті бітіруі және өзінің өмір жолын таңдауы, ата-аналардан ажырау, ата-анасының зейтеақыға кетуі т.б.). әсірісе осы тіршіліктің бөлігінде отбасы бұрынғы тәсілдер мен жаңа мәселелерді шешуге қабілетсіз болғандықтан өздерінің бейімделуші реакцияларын күрделендіру қажеттілігінің алдында тұрады.

Жеке отбасының негізгі қадамдары келесідей:

  • психотерапевті отбасымен біріктіру;
  • психотерапевтикалық сұранысты тұжырымдап айту;
  • отбасылық қатынастарды реконструкциялау;
  • психотерапияның аяқталуы мен бөлінуі.

Мара Сельвини Паллацоли түрлі жыныстағы терапевтер бригадасы отбасымен жұмыс істейтін, ал қалғандары олардың жұмыстарын бақылайтын бір жақты мөлдір айнаның артында жұмыс істейтін принципті ұстанған. Психотерапияның бірлігі бір үйде тұратын отбасы мүшелерінің барлық сессияға қатысуы болып табылады [2].

    Кезсесулердің жиілігі айына бір рет, бар болғаны он ақ сессияға дейін. Оның әдісі қысқа және кенет болатын, ал кенет шешуші қозғалыспен отбасында өзгерістің туғызуы тырысатын. Пародоксальді тапсырма өте мұқият өңделіп, отбасындағы регидті ережелер мен аңыздарға қарсы тұратын оң барлық мүшелерін әрекеттер сериясына тартатын.

Бағдарламалық отбасы терапиясы: Отбасы терапиясының бұл әдісі мәселені шешуге бағытталғандықтан “мәселені шешуші” “қысқа” деп аталады. Бұл бағыттың ең танымды тұрғалары – Джей Хейли, Гари Уитер, Клу Маданес. Өз жұмыстарында психотерапевтер отбасы мүшелерінің тұлғалық ерекшеліктерін шоғырлатпайды. Берілген ыңғай белгінің бөліктеріне үлкен көңіл бөлумен, ал отбасыға қызығушылықпен сипатталады. Бұл бағыт әйгілігін 1970 жылы ие болды. Бұл әдістің идеяларын көптеген өкілдері Милтон Эриксонның жұмыс тәжірибесінен алып пайдаланған. Оның тәжірибесіне екі ыңғай тән: әсер етудің жанама әдістерін қолдану және клиент ұсынғанның барлығын қабылдау.

Бағдарламалық ыңғайдың мәні отбасындағы өзгеріс, бұзылыстың себебін түсінуден маңыздырақ болғандықтан мәселені шешуүшін бағдарламаларды өңдеу болып табылады. Бағдарламалық терапевтер мәселенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін факторларды зерттейді[1].Көптеген бағдарламалық психотерапевтердің пікірінше қалыпты жұмыс істейтін отбасы – бұл белгілерден қашатын және өзгермелі жағдайлардың талабына сәйкес жұмыс істей алатын отбасы.

Отбасы қылықтық психотерапия: Отбасы қылықтық психотерапия өзінің негізгі принципі ретінде қылықты салдармен біріктіруде көрінеді, осыдан қылықтың паттерні жағымды салдар туынданғанға дейінгі барлық жағдайдағы өзгерістерге қарсы тұрады. Бұл бағыттың өкілдерін қылықтардың жүйелілігінің талдауы қызықтырады. Некедегі қанағаттанушылық бір-бірне тұғызған қанағаттанудың көмегімен емес, өзара фрустрациялардың жоқтығымен айтарлықтай көп мөлшерде шартталу жағдайы негізге алынады.

Жиі қолданылатын техникалардың бірі ата-аналардың қылықтық тренингі болып табылады. Психотерапияның процесі терапевт клиенттің мәселесінің мәні мен оны шешу жолдары көзқарасын өзгертуден басталады. Қылықтың психотерапевтер емдеуге бүкіл отбасын емес тек баланы және ата-ананың бірін шақыратын кейбіреулердің бірі[3]. Ата-аналар қылықтар тренингі балаларды тәрбиелеу, эмоционалдық қылықтың әсер ету, тану және модификациялау сұрақтарында олардың іскерлігін жоғарылату мақсаты бар.

Жұмыстың ең танымал техникалары келесілері:

  • қалыптастыру – жүйелні нығайту арқылы тілекті кішкентай порцияларға бөлу арқылы оған жету;
  • жетондық жүйе — сәтті қылықтары үшін балаларды марапаттау есебінде ақша немесе ұпайды қолдану;
  • шарттық жүйе ата-аналардың қылығының өзгеруі баланың қылығының синхронды өзгеруі келісуді өзіне қосады;
  • мараппатауға өзгерістер мен айырбастау;
  • бөлу шектеу түрінде жазалау;

отбасы қылық терапиясы бұл өзінің қарапайымдылығы мен тиімділігі болғандықтан ең әйгілі әдістердің бірі.

Басқа бағыттар: Отбасылық коммуникативті терапия Пало Алто бағытынан бөлініп шықты. Оның жүргізуші өкілдері П. Вацианик,Д.Джексон және басқалары болып табылады[1].Отбасы коммуникативті терапия мақсаты коммуникация тәсілдерінің өзгеруі немесе интеракцияның жұмыс істейтін үлгілерін өзгеру мақсатымен саналы әрекеттер болып табылады.  

                           ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

[1]  Сабит-Бапбаба. Психология –Алматы: «Атамұра», -2015. — 7б.

[2] Байқонақова Р. Отбасы психологиясы – Педагогикалық жаршы, 2015. -9 б.

[3]  Ильна Т. Педагогика, — Алматы: «Білім», 2003. -11 б.

[4] Жумадуллаева А.. Отбасы Педагогикасы, — Алматы: «Білім», 2000. -14 б.