15.06.2021

Абдраимова Асем Бауржановна

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша  педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Әкімшілік ұйымдастыру сұрақтары жөніндегі Басқармасының бас маманы- іс-жүргізуші.

  1. Іс жүргізу жөніндегі бас маманға жүктелген қосымша жұмыстар атқарылды:
  • «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» бойынша 21 ақылы курстардың курсқа тіркеу және курсты аяқтау бұйрықтары мемлекеттік, орыс тілдерінде дайындалды.
  1. Аға оқытушы және «Өзін-өзі тану» РАБ бағдарламасы бойынша тренер ретінде ақылы курстар мен облыстық іс-шаралар ұйымдастырып, өткізді:
  • 25 қаңтар мен 05 ақпан аралығында Ақмола облысы Зеренді, Жақсы, Целиноград аудандық білім бөлімдерінің тапсырысы бойынша «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» тақырыбында 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсы (21 педагог);
  • 08 ақпан мен 19 ақпан аралығында Ақмола облысы Бурабай, Жақайың, Астрахан, Атбасар аудандық білім бөлімдерінің тапсырысы бойынша «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» тақырыбында 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсы (25 педагог);
  • 22 ақпаннан Ақмола облысы Бұланды ауданы мен Көкшетау қаласының білім бөлімдерінің тапсырысы бойынша «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» тақырыбында 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсын өткізуде (24 педагог);

Біліктілікті арттыру курстары аясында облыстық іс-шаралар ұйымдастырып өткізді:

  • 2021 жылдың 18 ақпан күні «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламын сәтті жүзеге асыру мақсатында облыстық «Өзін- өзі тану» пәнін қашықтықтан оқыту ерекшеліктері:  мәселелер мен шешу жолдары»    тақырыбында педагогикалық шеберліктің онлайн алаңшасына Ақмола облысы бойынша 45 педагог қатысты.
  • 2021 жылдың ақпан айында Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ «Мұғалім журналы» БАҚ –на «Өзін-өзі тану» пәні рухани-адамгершілік тәрбие құралы» тақырыбында мақала дайындалды.
  • 2021 жылдың 16 ақпан күні Ш.Ш.Уәлиханов ат. КМУ ұйымдастыруымен өткен онлайн семинарға «Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар біліктілікті арттыру жүйесінде» тақырыбында тәжірибе алмасты;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұрын бағытталған «Өзін-өзі тану — махаббат пен шығармашылық педагогикасы» ақпараттық компанияның іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылғы 11 ақпанда сағат 10.00-12.00-де онлайн режимде «Өзін-өзі тану»: балаға арналған миссия» атты Халықаралық форумға арнайы облыстық білім басқармасының шақыруы бойынша қатысты.
  • 2021 жылғы 23 ақпан күні «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үрдісінде іске асыру бойынша Ақмола облысындағы пилоттық жобаның қорытындылары» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференцияға қатыстып, баяндама оқыды.