07.06.2019 ж

 13.05 - 07.06.2019 ж.  аралығында  қазақ тілі мен  қазақ  әдебиеті пәндерінен жаңартылған бағдарлама аясында біліктілікті арттыру курсын өттім. Курс тренері Алкенова Ботагөз Хамзақызы болды.

Тренеріміз Ботагөз  Хамзақызы   жаңартылған оқу бағдарламасынан теориялық және практикалық білім беріп, ұштастыра білді.  

 Әр ісіне жауапкершілікпен қарайтын Ботагөз Хамзақызы  жаңартылған оқу бағдарламасының 8 ерекшеліктеріне   терең тоқталды. Онда біз пән мазмұнының спиральды қағидатпен берілетінін, оқу мақсаттары Блум таксономиясының баспалдағы бойынша құрылатынын, бір бөлім аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «Ортақ тақырып» берілетініне т.б ерекшеліктерге тоқталды.

Біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларына тренеріміздің берген практикалық сабақтарының пайдасы зор болды деп есептеймін, себебі курсқа келген облыс мұғалімдері оқу үдерісін Оқу бағдарламасы мен ҰМЖ,ОМЖ және ҚМЖ арқылы ұйымдастыратынын ұғып кетті. Оқу мақсаттары дағдыға, яғни комуникативті әдіске негізделген.Олар тілдік 4 дағды мен әдебиеттің  3 дағдысына сүйеніп құрылады.

Ботагөз Хамзақызы - өзіне қатал талап қоя білетін маман ретінде  есімізде қалды және өзінен дәріс, тәжірибе алуға келген мұғалімдерге де талап қоя біледі. Мұғалімдерге  нәтижеге жұмыс  жасауды үйретті.

Білім арттыруға келген мұғалімдердің жаңа ақпаратты қабылдауы әртүрлі екенін көре отырып, тыңдармандарға өте бір шыдамдылықпен, сабырлылықпен, жанашырлықпен  бірнеше қайтара түсіндіруі  бізді таңқалдырды.

Сонымен қатар,  оқушылардың жас ерекшеліктері мен қажеттілігін ескере отырып, білімдерін шыңдау үшін   қолжетімді, нақты сабақ мақсатын SMART  етіп құруды үйрендік.

Алдағы уақытта тренерімізге мықты денсаулық,толағай табыс, шығармашылық жетістік тілейміз.

 

 

Көкшетау қаласы,

Сәкен жүнісов атындағы

№18 орта метеп лицейі, «педагог -шебер»

Бралина Сандугаш Советкызы