Мажитова Г. М.

Ақмола облысы  Көкшетау қ. № 20 «Зерек» балабақшасының тәрбиешісі

Сеитова К. Б., Хасенова А. К.

Ақмола облысы Көкшетау қ. №7 «Айша» балабақшасының

тәрбиешілері

 

 

Білім беру саласы: Әлеумет

 Бөлімі: Экология негіздері

 Тақырыбы: «Су –тіршілік көзі»

 Мақсаты:  Су және оның маңызы туралы білімдерін тереңдету.

Білімділік: Су –тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: тәжірибе жасау барысында бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғау, суды ластамауға, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер, су, сүт, қасық, бояу түрлері, шырын, түтікше, жұмыртқа, тұз, стакан, қар, мұз, бу

Қолданылатын әдістер: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, көрсету, тәжірибелер.

 Ұйымдастыру кезеңі:

«Жылулық шеңбер»

Самал жел бізді желдетші,

Күн нұры бізді жарқырат.

Таза ауа дем берші,

Мөлдір су бізді салқындат.  

 

Мотивациялық қозғаушы:Балалар, «су» деген сөзді естігенде кезде көз алдарына ең алдымен не елестейді?  (балалардың жауаптары тыңдалады)        -Дұрыс айтасыңдар арине. Суды адамдар не үшін пайдаланады?           Жануарлар мен өсімдіктерге не үшін қажет? (балалар өз ойларын ортаға салады). Ал судың пішіні болады ма? (тарелкага суды құйып көрсету) Өте дұрыс, жарайсыңдар! Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Ал сендер суға байланысты қандай мақал-мәтелдер билесіңдер?

Судыңда сұрауы бар.

Су анасы — бұлақ,

Сөз анасы — құлақ.

Судың жолын құм бөгер,

Ердің жолын сұм бөгер.

Сумен ойнама — батарсың,

Отпен ойнама — жанарсың.

Түнгі су — ну, күңдізгі су — бу.

 

Жұмбақтар: (жауабын тапқан бала сол суреттерді тақтаға іледі)

1 Дәміде жоқ, түсі жоқ,Пайдаланбас кісі жоқ.  (Су )                                                                         

2 Моншағым көктің,

Тестім түбін шөптін.  (Тамшы)

3 Көз жасын төгіп елжіреп,

Жүреді көкте көлбіреп,

Жел қуса кетер селдіреп.  (Бұлт)

Тәрбиеші: — Міне осылардың барлығы сумен байланысты. Балалар  ал сендер білесіңдер ме су қайдан, қалай пайда болатынын?  (балалардың жауаптары тыңдалады) Дұрыс айтасыңдар. Ендеше мен сендерге толығырақ түсіндіре кетейін.

Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып, қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды.

    Слайд арқылы жұмыс.

  Су бізге не үшін қажет?   

 

Дидактикалық ойын:"Су кімдерге немесе нелерге қажет?»

Мақсаты: Су туралы білімдерін анықтау.
Ойынның шарты: Суды қажет ететін заттарды табу. Мысалы: гүл, балық, жануар, кітап, қалам, адам т.б.

Пихтограмма арқылы әңгіме құрастыр«Су кімге керек?»

Мақсаты: Ойлау қаблетін дамыту. Тілдерін жтықтыру

I Тәжірибе «Су — мөлдір»  

  • Балалардың алдына екі шыны ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді. Яғни, «Су – мөлдір, сүт мөлдір емес».
  • Балаларға бояу беріп, судыңда түсін өзгертуге болатынын да тәжірибе жүзінде біледі.

II Тәжірибе «Суда дәм жоқ»  

  • Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Онда дәм бар ма? Оларға салыстыру үшін шырынның дәмін көрулерін ұсынады. Суға қант қосып, дәмінде өзгертуге болады. Балалар өз ойларын айтады, неліктен судың дәмі өзгергендігін.

III Тәжірибе «Судың иісі жоқ»  

  • Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады.

Сергіту сәті

Ал, балалар тұрайық, мойнымызды бұрайық,

Қолымызды созайық, су ішінде қалықтап,

Қане, жүзіп алайық,

Оңға бір, солға бір қарап, денемізді бұрайық.  

Билингвалді құраушы: су- вода ,дәмі-вкус ,иісі-запах ,түсі-цвет.

Үстел-үсті ойын: «Балық аулау»

Мақсаты:

 Балық туралы білімдерін жүйелеп тереңдету. Ойындардың ережесін сақтай отырып, балалардың қимыл - қозғалысын, икемділігін, шапшаңдығын арттыру. 

Шығармашылық жұмыс:

  Балалар екі топқа бөлінеді.

1-топ «Су тәбиғатта» сурет салады.

2-топ «Аквариумдағы балықтар» апплкация

 

 Қортынды:

Бүгін не туралы айттық?

Су бізге не үшін керек?

Суды ысырап етуге болама?

Су қандай?

Жарайсыңдар балалар!Тәжірибе жасау арқылы су туралы түсінік алдыңдар.

Балаларды мадақтау

Күтілетін нәтиже:

 Біледі:Су адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге қажетілігін.

 Игерді: су иісі, дәмі жоқ, түсі жоқ екендігін,дәмі және исінің қоспалар арқылы өзгеретіндігін.

Меңгереді: судың қасиеті туралы, суды үнемдей білуді