Калауова Гульнур Сайлаубековна

Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы

№5 «Қуаныш» балабақшасының тәрбиешісі

 

Білім беру саласы: Таным.

Кіші сала:    Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Мақсаты: Ойын арқылы заттардың түстері мен геометриялық пішіндер туралы білімдерін пысықтау,пішіндерді бір-бірінен ажыратып атай білуге үйрету.Қиял болжамдарын дамытып,қабілеттерін шыңдау.

 

Әдіс-тәсілдері :түсіндіру,сұрақ-жауап,дамытушы  ойындар.

Қолданылатын көрнекі- құралдар:геометриялық пішіндер ,түрлі түсті шарлар.

Мотивациялық қозғаушы:

-Балалар бүгінгі біздің іс-әрекетіміз ерекше,өйткені бізге қонақтар келіп отыр.Барлығымыз амандасып алайық

Шаттық шеңбері.

Арайлап таң атты

Алтын шуақ таратты

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң қонақтар!

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінің айларын атап беріңдерші?

 -Балалар бүгінгі сабақта «Түрлі –түсті пішіндер еліне» саяхатқа барғыларың келе ме?

Ендеше жолғы шығайық .

Ұйымдастырушылық-ізденістік :Ертегі

Ерте,ерте,ертеде шеңбер мен үшбұрыш болыпты. Олар бір күні серуендеп жүріп ,белгісіз пішінді көреді.Шошып кетіп,ағаш арасына тығылып қалады да, «бұл кім екен?» деп ойлайды.

Шеңберге ұқсайды ма?Жоқ Неге?(бұрыштары бар)

Үшбұрышқа ұқсай ма? Жоқ.

(Бұрыштары бар,санаңдаршы)-4

«Жүр атын сұрайық»-дейді шеңбер.

Олар осылай танысып.

Мен шеңбермін, менің бұрыштарым жоқ.Мен күнге, тәрелкеге,құймаққа ұқсаймын.Мен дөңгелек сияқты домалай аламын.

Мен үшбұрышпын,менің үш бұрышым бар.үш қабырғам бар,мен шатырға ұқсаймын.

 Сен шатырға ұқсасаң мен қабырға бола аламын.Екеуміз бірге үй жасай аламыз.

1 –тапсырма:«Үй жасау» Балалар пішіндерден үй құрастырады.

2-тапсырма:.Балалар бұл өзеннен өту үшін бізге  тастар керек.

Тастардан көпір құрастыру.

Балалармен тапсырмаларды орындап әрі қарай жүру.

3-тапсырма.

Түрлі-түсті дөңгелек  шарларды түстері бойынша тиісті ыдысқа сал.(Қызыл түсті шарларды –Қызыл ыдысқа ,Сары түсті шарларды –сары ыдысқа т.с.с)

-Әрбір түсті шардың түстерін сұрап отыру.

-Балалар мына шардың түсі қандай?

Оны қандай түсті ыдысқа саламыз?

-Бәрекелді, жақсы балалар,тапсырманы өте жақсы орындадыңдар.

4-тапсырма:Ойын

Шарты: Балалар

5- тапсырма:Сергіту сәті

6-тапсырма: «Түсіне қарай пішінді сәйкестендір»

Шарты балалар пішіндерді қысқышпен қысу арқылы түстерімен сәйкестендіреді..

7-тапсырмаТүрлі түсті құмға тішіндердің суретін салу.