Алькенова Ботагөз Камзовна

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша  педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының  Жж(Г) пәндерін оқыту әдістемесі кафедрасының қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің  аға оқытушысы, тренер.

2021 жыл    06-31 қаңтар.

1. Виртуалды білім беру бағытының аясында еліміздегі үздік педагогтардың Эстафетасына қашықтан оқытуға 3 тоқсанға 12 сабақ әзірленіп, Өрлеу каналына жүктелді. 6 мұғаліммен жұмыс жүргізді.  Олар: Көкшетау қ Әл-Фараби атындағы ІТ лицейінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері: Саденова Айнагүл Зарлыққызы, Сактананова Нұргүл Николаевна, Жиенбаева Маркен Капаровна. Көкшетау қ. №10 ОМ Шенгельбаева Калима Айтмукановна, Көкшетау қ.Красный яр №1 ОМ Султанова Алмагүл Госмановна, Зеренді ауданы Өзен ОМ Айткожина Асемгуль Дюсенбаевна.

2. Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын шағын жинақталған мектеп басшыларына, мұғалімдеріне педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Шағын жинақталған мектептерде біріктірілген сынып-комплектілерінде пәндерді оқыту әдістемесі» контентін аудару жұмысын жасады.

3. «Шағын жинақталған мектептерде біріктірілген сынып-комплектілерінде пәндерді оқыту әдістемесі» білім беру бағдарламасын модератор ретінде толық lms.orleu-online.kz порталына жүктеу жұмысын жасап жатыр.

4. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сай өтетін «PISA-ұлттық білім беру жүйесінің негізгі көрсеткіші» тақырыбындағы республикалық онлайн ғылыми-тәжірибелік конференциясына «Білім алушының оқу сауаттылығын дамыту» атты мақала жіберілді. Мақаламен 24 ақпан 2021 жылы сағ: 15.00 қатысады.

5. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының 2021 жылға арналған Жедел жоспарына сәйкес С.Аманжолов ат. ШҚУ «Абайтану» ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесе өткізілетін «Абай тағылымы және зияткер ұлт қалыптастыру мәселесі» тақырыбындағы республикалық ғылыми-әдістемелік семинарға «АБАЙ МҰРАСЫ-ХАЛЫҚ ҰЛАҒАТЫ» баяндама жасап жіберді. 2021 жылдың 17 ақпанында сағ: 10.00 ZOOM – платформасы арқылы қатысады.

6. Ақмола облысы білім басқармасының жанындаға «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ  педагогикалық колледжі» МКҚК-ның 2020-2021 оқу жылына арналған кешенді білім бағдарламасына сай 2021 жылдың 19 ақпаны колледж оқытушысы, педагогика ғылымының магистрі, «Ы.Алтынсарин», «ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгілерінің иегері, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі Төлеген Өмірбек Шаймұратұлының 60 жасқа толуына орай «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақты мектепте оқытуды ұйымдастыру» тақырыбына облыстық онлайн/офлайн семинар-практикумына  «Шағын жинақты мектепті басқару: қазіргі  жағдайы және даму болашағы» тақырыбымен ШЖМ дамыту бағытында  педагогтерді ғылыми-әдістемелік  қолдау және педагогикалық озық тәжірибені зерделеу мақсатында қатысады.

7. Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы «ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНІҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГІ -2021» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУҒА  «Менің сүйікті мамандығым және  инновациялық әдіс-тәсілдерім» атты эссе жазып қатысты, 1 турдан өтті. (2 тур нәтижесі әлі болған жоқ.)