АНТИКОРРУПЦИОННЫЕ ДЕЙСТВИЯ - ОТВЕТСТВЕННОСТЬ КАЖДОГО ГРАЖДАНИНА

 

Стукаленко  Нина Михайловна,  директор филиала АО «НЦПК «Өрлеу» «ИПК ПР по Акмолинской области», доктор педагогических наук, профессор, академик МАИН, МОАН, МАЕ, уполномоченный по этике и профилактике коррупционным рискам филиала

Преодоление коррупции для Казахстана - это одно из основных направлений государственной политики, четко определенное Н.А. Назарбаевым. В Стратегии «Казахстан-2050» подчеркивается необходимость борьбы с коррупцией - одним из новых политических приоритетов развития страны. Действующий Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев также указывает на необходимость искоренения коррупции.

Сегодня коррупция продолжает существовать в любой стране мира как социальное явление, независимо от ее политического развития. Коррупция мешает процессу социально-экономического развития, становлению рыночной экономики, процессу привлечения инвестиций. Она оказывает негативное влияние на политические и социальные институты демократического государства, представляет серьезную угрозу для будущего развития страны.

Одним из главных приоритетов государственной политики Казахстана является борьба с коррупцией. Формирование антикоррупционных настроений педагогов осуществляется специальными группами в образовательных учреждениях. Основная идея группы - проводить встречи с педагогами и разъяснять им антикоррупционное законодательство, концепцию антикоррупционной политики и антикоррупционные меры.

Термин «коррупция» происходит от латинского слова «corrutpere», что буквально означает «нарушение государства, общественных отношений», в соответствии с термином «взяточничество», то есть право должностного лица осуществлять свои полномочия в соответствии с законом и нормами морали, использование в личных целях путем противоречивой лжи, вымогательства, убеждения. Этот термин часто используется для обозначения бюрократии и политической элиты. Соответственно, этот термин обычно имеет широкое значение, производное от первого значения латинского слова, означающего аморальное поведение.

Возможности общества, выявление и предотвращение коррупции со стороны государственных чиновников повышаются за счет изучения местных проблем. Борьба с коррупцией требует систематических усилий всех слоев общества.

Закон Республики Казахстан «О противодействии коррупции» определяет коррупцию следующим образом: «… незаконное приобретение имущества отдельными лицами или через посредников и возможностей для государственных должностных лиц, а также лиц, приравненных к ним, в связи с их официальными полномочиями; использование в личных целях для получения собственности, а также незаконное приобретение льгот и привилегий физическими и юридическими лицами посредством взяточничества». Международное политическое определение термина «коррупция», используемое в документах ООН, выглядит следующим образом: «коррупция - это злоупотребление государственной властью в личных целях для третьих лиц и групп».

Проще говоря, коррупция - это использование своего положения в личных целях. Одним из признаков коррупции является получение или дача взяток.

Что такое взятка? Это получение должностным лицом денег или других льгот от другого лица за любые услуги, оказываемые в связи с его должностью. При этом деньги и товары не всегда получает сам взяточник, а часто передаются его родственникам или фиктивным организациям.

Вещи, которые считаются взятками:

  • предметы - деньги, включая валюту, банковские квитанции и ценные бумаги, драгоценные металлы и драгоценные камни, автомобили, квартиры, коттеджи и загородные дома, продукты питания, бытовая техника и инструменты, другие товары, земля и другая недвижимость;
  • виды услуг и трофеев - лечение, ремонтно-строительные работы, санаторно-курортные путевки, заграничные поездки, развлечения и другие расходы бесплатно или по низким ценам.

Почему коррупция так опасна? Потому что если верховенство закона несправедливо, оно может развратить любого и привести его во дворец.

Попробуем разобраться. Все мы платим разные налоги. Однако, отдавая часть доходов государству, мы учитываем, что оно предоставляет социальные услуги: бесплатное образование, здравоохранение, инфраструктуру, безопасность. Что было бы, если бы государственные средства распределялись коррумпированным образом? Одна из опасностей заключается в том, что коррупция наносит вред сознанию человека и его, близких и искажает их мировоззрение.

Вышеприведенный список не является исчерпывающим, но он указывает на то, что пришло время потребовать срочной необходимости в разработке теоретических руководств по борьбе с коррупцией, а также в проведении повседневной и практической работы. Однако, прежде чем призвать к противодействию явлению, необходимо четко и точно определить это явление и проанализировать причины и механизмы его возникновения.

В современном мире борьба с коррупцией постоянно совершенствуется. В мире нет уникального набора антикоррупционных механизмов, который принесет пользу всем странам. Набор методов борьбы с коррупцией, используемых каждой страной, различается и зависит не только от политической и экономической стабильности страны, но также от обычаев и традиций, религиозной идентичности и уровня правовой культуры и местоположения, населения и плотности населения.

В контексте восстановления экономики и масштабных социальных преобразований в Казахстане четко просматривается необходимость целостной стратегии, которая тесно связана с современной социально-экономической политикой государства, направленной на борьбу с коррупцией.

В связи с этим 26 декабря 2014 года была утверждена новая Антикоррупционная Стратегия Республики Казахстан на 2015-2025 годы.

Целью стратегии является повышение эффективности государственной антикоррупционной политики и вовлечение всего общества в антикоррупционное движение за счет создания атмосферы «нулевой» терпимости к любой коррупции, а также снижение коррупции в Казахстане.

Сегодня, благодаря единству нашего народа и стабильности страны, наша экономика процветает, и в результате улучшается благосостояние наших граждан.

Послание Президента, Токаева К.К., народу Казахстана посвящено предотвращению коррупции и административным реформам - задачам, вытекающим из упрощения государственного управления. Определены основные программные области противодействия коррупции, сокращаются контрольные службы государственных органов, их работа контролируется и обеспечивается прозрачность, а государственное вмешательство в экономику и бизнес сокращается.

Агентство по делам государственной службы и противодействию коррупции объединяет усилия государства и общества в реализации государственной службы, кадровой политики и стремится снизить коррупцию.

 

Список литературы:

 

  1. Послания Президента народу Казахстана- Казахстан в новой реальности: время действий.
  2. Закон Республики Казахстан «О противодействии коррупции» (с изменениями и дополнениями по состоянию на 19.12.2020 г.).

  

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ

Стукаленко  Нина Михайловна,  «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» директоры, п.ғ.к.,профессор, ХАА, ХБҒА, ХЖА академикгі, филиалдың этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөніндегі қызметкері

 

Жемқорлықты жеңу Қазақстан үшін Елбасы Н.Ә. Назарбаев нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сол себепті «Қазақстан-2050» стратегиясында дамыған мемлекеттің жаңа саяси басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресті атап көрсетілген. Қазақстан Республикасының қазіргі президенті, Тоқаев Қ.К., сонымен бірге сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу керектігін белгілейді.

Қазіргі  кезде сыбайлас   жемқорлық  әлемнің кез-келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді.

 Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді.

Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі -  сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Ұстаздардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру жұмысын оқу орындарында арнайы топтар атқарып келеді.

Аталған топ қызметінің негізгі идеясы: мұғалімдермен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру.

 «Коррупция» термині латын тілінің «corrutpere» деген сөзінен шығып, мағынасы жағынан «мемлекет организмін, қоғамдық қарым-қатынастарды бұзу» дегенді білдіреді, «параға сатып алу» терминімен сәйкес, яғни лауазымды тұлғаның өз билігі өкілеттігі мен сеніп тапсырылған құқығын заңға және моральдық нормаларға қайшы келетін өтірік айту, бопсалаушылық, сөзбұйда жасау жолдарымен жеке бас пайдасы үшін пайдалануы. Көбіне бұл термин бюрократиялық аппаратқа және саяси элитаға қатысты жиі қолданылады. Осыған сай термин әдетте бастапқы латын сөзінің бірінші мағынасынан шығатын кең мағынаға ие, әдепсіздік тәртіпті білдіреді.

Қоғамның қабілеттілігі, оның ішінде біздің жастарды бақылау, мемлекеттік шенеуніктердің жемқорлық әрекеттерін анықтау және болдырмау жергілікті мәселелерді зерттеудің арқасында артады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық жігінің жүйелі түрдегі күш-жігері қажет.

 Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама берілген: бұл – «...жеке түрде немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктерді заңсыз алу және мемлекеттік қызмет атқарушы тұлғалардың, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалардың өз лауазымдық өкілеттіктері мен өкілеттеріне қатысты мүмкіндіктерін мүліктік пайда табу үшін жеке басына пайдалануы, сондай-ақ аталмыш тұлғаларға жеке және заңды тұлғалардың көрсетілген игіліктер мен жеңілдіктерді құқыққа қайшы түрде пара  ұсыну жолымен сатып алуы».

БҰҰ-ның құжаттарында қолданылатын жемқорлық терминінің халықаралық-саяси анықтамасы мынадай деп берілген: сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекеттік билікті жеке бас пайдасы үшін, үшінші бір тұлғалар мен топтардың мақсаты үшін асыра пайдалану.

Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық – бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара  алу не беру болып табылады.

Пара дегеніміз не? Бұл лауазымды тұлғаның басқа бір тұлғадан лауазымына қатысты көрсететін  қандай да бір қызмет түріне берілетін ақша немесе өзге игіліктерді алуы. Бұл жағдайда көрсетілген ақша мен игіліктерді әрдайым парақордың  жеке өзі алмайды, оларды көбіне оның жақын адамдарына немесе жасанды жалған ұйымдарға ұсынады.

Пара деп саналатын нәрселер:

  • заттар – ақша, оның ішінде валюта, банк түбіртектері мен құнды қағаздар, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдар, автокөліктер, пәтерлер, саяжайлар мен қала сыртындағы үйлер, азық-түліктер, тұрмыстық техника мен аспаптар, өзге тауарлар,  жер учаскелері және  өзге жылжымайтын мүлік;
  • қызмет түрлері және олжа – емделу, жөндеу және құрылыс жұмыстары, санаторлық және туристік жолдамалар, шетелдік сапар, ойын-сауықтар мен басқа шығындарды  өтеусіз немесе  төмен бағамен төлеу.

Сыбайлас жемқорлық неге өте қауіпті?

Өйткені заң билігі әділ болмаса, ол кез келген адамды бүлдіруі мүмкін және саруайымға түсіріп, жат етуі мүмкін.

Жете түсініп көруге тырысайық. Барлығымыз да түрлі салық төлейміз.  Алайда табыстың бір бөлігін мемлекетке бере отырып, біз оның әлеуметтік қызметті жүзеге асыруын қамтамасыз ететіндігін ескереміз: тегін білім алу, денсаулық сақтау, инфрақұрылымды құру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету.   

Егер мемлекеттік қаражатты сыбайлас жемқорлық тәсілмен бөлсе, не болар еді? Бір қорқыныштысы - сыбайлас жемқорлықпен айналысу сол тұлға мен оның жақындарының сана-сезіміне залал  келтіріп, дүниетанымдарын бұзады.

Жоғарыда айтылған тізім жеткілікті толық болып табылмайды, бірақ соның өзі де дәл қазіргі кезде  сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша теориялық ережелерді дайындауда, сондай-ақ күнделікті әрі тәжірибелік жұмыстар жүргізуде  өткір қажеттілікті талап ету уақытының келгендігі туралы  куәландырады. Алайда қандай да бір құбылысқа қарсы тұруға шақырмас бұрын, сол құбылысты анық және нақты түрде анықтау  қажет және ол жамандықтың шығу себептері мен механизмін   талдап қарастыру керек.

Қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді.

Қазақстанда экономиканы жандандыру және ауқымды әлеуметтік  түрлендіру жағдайында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысқан бүтіндей стратегияның қажеттілігіне анық көз жеткізілді.

Осыған байланысты 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді.  

Стратегияның мақсаты - мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Бүгінгі таңда халқымыздың бірлігі мен елдегі тұрақтылық арқасында экономикамыз өркендеп, соның салдарынан азаматтарымыздың хал-ахуалы жақсарып келеді.

Президенттің, Тоқаев Қ. К., Қазақстан халқына Жолдауларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған және әкімшілік реформалар – мемлекеттік басқару жүйесін жеңілдетуден туындайтын міндеттерге басты назар аударылған. Жемқорлықпен күресудің негізгі бағдарламалық бағыттарын белгіленіп, мемлекеттік органдардың бақылау қызметтері қысқарып келеді, олардың жұмыстары  бақылауға алынып, айқындығы қамтамасыз етілген, мемлекеттің экономика мен бизнеске араласуы кемуде.    

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекет пен қоғамның мемлекеттік қызметті, кадрлық саясатты жүзеге асырудағы күш-жігерін біріктіреді және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге күш салуда. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы - Қазақстан жаңа шындықта: әрекет ету уақыты;

2. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (2020 жылғы 19 желтоқсандағы өзгерістер мен толықтырулармен).