12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні. 2011 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаев жарлық шығарып

, 12 сәуірді ғылым қызметкерлерінің күні ретінде бекітті. Мерекені атап өту 2012 жылдан басталды.

      Біздің филиал педагогикалық ғылымның дамуына өз үлесін қосуда. Оқытушылар мен қызметкерлер ҚР мемлекеттік саясатының басым бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады. «Өрлеу» БАҰО» АҚ қолдауының арқасында жыл сайын біздің ғылыми әлеуетіміз артып келеді. Ғылым қызметкерлері мерекесімен құттықтаймыз!

Жаңа белестерге жетулеріңізге, мансаптық өсулеріңізге және атқарылған жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз.Шығармашылық  шабыттарыңыз биіктен көріне берсін!