07 Сәуір 2021 ж. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ кафедра меңгерушісі А.Е. Зейнелова «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны»тақырыбындағы

курс аясында «Инклюзивті білім беру жағдайында білім беру процесінде білім алушылардың оқу мотивациясын және өзін-өзі ұйымдастыруын арттыру» шығармашылық шеберханасын ұйымдастырды.

     А.Е. Зейнелова өз сөзінде білім алушылардың оқу мотивациясын арттыру жолдарын белгіледі. Ақмола облысының қалалық және ауылдық білім беру ұйымдарының педагогтері: Малгаждарова К. Б., Н.Крупская НМ директоры, Ибрагимова Н.Ю., №6  МЛ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Боскумбаева Б. С., № 12 ОМ логопеді, Воронецкая П. А., №4 ОМ әлеуметтік педагогі, Гаспарян А. А., №6 МЛ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Хабирова Л. Р., Н.Крупская  НМ  тарих пәні мұғалімдері инклюзивті білім беруді енгізу тәжірибесімен бөлісті. Өз сөздерінде олар инклюзивті тәжірибе жағдайында білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық қолдау, орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқытудың белсенді әдістері мен тәсілдері, логопедиялық сабақтарға оң уәждемені қалыптастыру, аутизмі бар оқушыларды инклюзивті ортаға оқыту әдістері, сыни ойлауды дамыту, Тарих сабағында сараланған оқытудың   кең ауқымды мәселелерін қамтыды.