1991 жылы туылған жастар өсіп келе жатқан, дамып келе жатқан, тәжірибе жинақтаған мемлекеттің бейнесі болды.

Тәуелсіздік жастарға таңдау мен өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Қазақстанның тәуелсіздік жариялаған жылы дүниеге келу — үлкен құрмет. Сондықтан Отанымыздың дамуы мен өркендеуіне өз үлесімізді қосу өте маңызды. Біздің Филиалдың әлеуметтік желілерінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздіктің құрдастары" айдары ашылды, онда біз жас педагогтер туралы мәліметтерді жариялайтын боламыз. Біздің ұжымда   жас маман Қайыркешова Әйгерім Қонысбаева- ел егемендігімен құрдас.  Институт ұжымы Әйгерімді жауапты және сауатты маман ретінде білеміз. Ол  ұжымда институтты бітіргеннен кейін бірден жұмыс істейді.

Егеменді елдің құрдасы Әйгерімге біз зор денсаулық, табыс және кәсіби өсу тілейміз!