«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» әлеуметтік желілерінде еліміздің тарихындағы айтулы күндерге арналған «Тәуелсіздіктің құрдастары»

айдарын ашты. Онда Тәуелсіздік жарияланған жылы туған Ақмола облысының педагогтары туралы мәліметтер жарияланады. Біз олардың мамандық таңдау туралы ойлары, жоспарлары, оқушылардың жетістіктері туралы айтып береміз. Біздің жас педагогтарға батыл идеялардың іске асуын, шығармашылық ойлар мен кәсіпте жоғары жетістіктердің іске асуын тілейміз!