2020 жылдың 27 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша  ПҚ БАИ» мектепке дейінгі ұйымдардың  әдіскерлеріне«Мектепке дейінгі ұйымдардағы әдістемелік қызметтің тәжірибе алмасуы,  оның жұмысын нәтижеге жеткізуді қамтамасыз ету» тақырыбында   МКД ППС кафедрасының аға оқытушылары Жуманбаева Айгуль Оразовна мен Жалмуханова Жанылсын Утегеновна Zoom платформасы арқылы онлайн-вебинар өткізді. Вебинардың мақсаты: мектепке дейінгі білім беруді жаңарту жағдайында әдіскерлердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру.

 Вебинар барысында мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері баяндама жасады:

  1. «Балабақшаның білім. беру процессіндегі музей педагогикасы» Оразбаева Айман Куанышовна,Ерейментау ауданы Ерейментау қаласының«Болашақ» бөбекжайы МКҚК әдіскері;

2. «Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби шеберліктерін  дамытудағы 4К моделі» Бекбосарова Айнагуль Хамитовна, Көкшетау қаласының №1 «Арман» б/б МКҚК әдіскері ;

3. «Мектепке дейінгі ұйымдардың  оқу-тәрбие үдерісінде М.Монтессори технологиясын тиімді пайдалану» Дана Зоя, Бұланды ауданы Макинск қаласының «Балдаурен» б/б  МКҚК әдіскері;

  1. «Воскобовичтың «Ертегі лабиринттер» ойындары»Туребекова Гульнар Еркиновна, Көкшетау қаласының №12 «Мерей» б/б  МКҚК әдіскері;

5. «Мектеп жасына дейінгі балаларға асық технологиясын қолданудың әдістері» Кожанова Бибигуль Санаковна Көкшетау қаласының  №4 «Еркемай» б/б МКҚК әдіскері.

Вебинарға қатысушылар мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруда педагогикалық технологиялардың тиімділігін  және тәжірибе алмасу әдіскерлердің кәсіби қызметін одан әрі арттыратынын айтты.