2020 жылдың 21-23 қазанында Ақмола облысының білім басқармасы ұйымдастырған «Үздік психолог» республикалық кәсіби байқауының аймақтық кезеңі өтті. Байқаудың қазылар алқасының құрамында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» ККҚжИЕ зертханасының меңгерушісі  И.Г.Дубровина қатысты.

 Байқаудың облыстық кезеңіне Ақмола облысының әр ауданының  атынан 3 санатта ұсынған білім беру ұйымдарының 19 педагог-психологтары қатысты: I санат - 3 жылға дейінгі жұмыс өтілі; II санат - еңбек өтілі 3-7 жылдан бастап; III санат - жұмыс өтілі 7 жыл немесе одан көп.

Педагог-психологтардың конкурстық сынақтары еңбек өтілі бойынша қатысу санатына байланысты сараланды және мамандықтың теориялық негіздері мен практикалық дағдыларды меңгеру туралы білімді ғана емес, сонымен қатар эссе мен монолог түрінде шығармашылық кәсіби және жеке компонентті анықтауға, сондай-ақ қатысушылардың портфолиосымен, олардың авторлық бағдарламаларымен танысуға көмектесті.

«Үздік психолог» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары республикалық байқауда жүлделі орындарға таласады. Оларға жеңіс тілейміз және жарыста Ақмола облысын лайықты таныстыруға тілектеспіз!

Ақмола облысы білім басқармасының аймақтық оқу-әдістемелік кабинеті беттеріндегі «Үздік психолог» республикалық байқауының аймақтық сырттай кезеңінің қорытындылары.