2020 жылдың 24 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша бойынша ПҚ БАИ» мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы білім беру үдерісін ұйымдастырудың заманауи цифрлық ресурстар» тақырыбында оқыту семинарын өткізді, zoom платформасы арқылы.

 Вебинардың тренері Муканова Роза Акылбаевна ИБ және АТ кафедрасының аға оқытушысы, техникалық ғылымдарының магистрі, қатысушыларға қолданыстағы WEB қызметтері мен платформаларына шолу мен талдауды ұсынды, оларды мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне арналған білім беру порталдарымен, онлайн қызметтерімен таныстырды. Ол мектеп жасына дейінгі балалармен сабақ өткізуге арналған цифрлық ресурстарды, қадамдық жасау және монтаждау арқылы Movavi Video Editor бағдарламасын көрсетті.

Вебинарға қатысушылар компьютер мен заманауи гаджеттерді пайдалану мектепке дейінгі білім беру үдерісін қарқынды етуге мүмкіндік беріп, оны жарқын әрі көрнекі етіп жасайтындығын атап өтті. Вебинар мұғалімдердің цифрлық дағдыларын дамытуға ықпал етті және олардың кәсіби қызметін одан әрі арттырады.