2020 жылдың 22 қазанында «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» Zoom бағдарламасы арқылы «Өзін-өзі тану сабақтарында қолданылатын технологиялар мен тәжірибелер» тақырыбында өзін-өзі тану пәні бойынша сертификатталған мұғалімдерге арналған вебинар өткізілді.

Вебинардың модераторы және негізгі баяндамашысы Басболатова А.Р., МКД ППҚ кафедрасының аға оқытушысы, өзін-өзі тану тренері. Вебинарға «өзін-өзі тану» пәнінің 30 мұғалімі қатысты.

Вебинардың мақсаты: білім беру платформаларын пайдалану бойынша мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру және МДҰ жағдайында оқу процесін ұйымдастыру.

Вебинар барысында "ішкі тыныштық" ОӘО-ға сүйене отырып, кіріктірілген сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар ұсынылды, сабақтарды ұйымдастыру мен өткізудегі проблемалық мәселелер талқыланды, оқу материалының мазмұнын оңтайландырудың әдістері мен тәсілдері анықталды.

Вебинар қорытындысы бойынша қатысушылар оқу-әдістемелік құралдар мен ұсынымдарға пайдалы сілтемелер алып, тәжірибе алмасып, сындарлы кері байланыс берді.