Ағымдағы жылы 12 мамыры күні Көкшетау аумақтық «Nur Otan» партиясының филиалы «Балаларға арналған тегін ІТ-сыныптары» партияның жобасы шеңберінде, қалалық «Кванториум» қалалық балалар технопаркі базасында «NUR INTECH» бағдарламалау және инновациондың идеяларды жүзеге асыруға байланысты конкурс өткізді.

Конкурс оқушылардың белсенділігін арттырып және олардың инженерлік әдіст-тәсілдерін жетілдіру,білім саласында робототехниканы және бағдарламалық жүйені дамыту, озық тәжірибелермен алмасу және мықты командаларды анықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шара «Балаларға арналған тегін ІТ-сыныптары» партияның жобасы шеңберінде ашық іс-шара болып жарияланып Көкшетау қаласындағы мектептердің оқушылары қатысты.

Конкурстың бас төрешісі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты инновациялық технология және ғылыми (гуманитарлық) пәндер кафедрасының аға оқытушысы, курстан кейінгі қолдау зертханасының IT-маманы, робототехника бойынша тренер Айгүл Бекенова болып, ол өз сөзінде конкурсқа қала мектептерінің 5-11 сыныптарының оқушылары қатысып отырғандығын хабарлады.

Жарыс екі категориядан құрылды: « Scratch бойынша» шығармашылық категориясы және «Сумо интеллектуалдық 15х15» робототехника категориясы.

Көкшетау қаласындағы  №2 орта мектебі конкурста Гран-при  «Базалық толықтырылған  Lego MINDSTORMS EV3» сыйлығын иеленді.

Ал 1,2,3 дипломдарына қол жеткізгендер «Scratch бағдарламалау бойынша» және  робототехника  категориясы бойынша  «Сумо интеллектуалдық 15х15» сыйлығын қанжығаларына байлады.

 

 

Осы қызықты конкурсқа қатысушылардың барлығына сертификаттар және «Виртуалдық нақтылық ұпайларға» сай құнды сыйлықтар табыс етілді.

Конкурс бағдарламаларды жоболауда жас таланттарды анықтап,қалалық мектептерді оқушылар арасында  роботтарды құрастырып жинауға баулау және олардың инженерлік әдіст-тәсілдерін жетілдіру. Жас программистерге болашақта жаңа идеяларды алға тартып, одан әрі де шығармашылық табыстарға жетулеріне тілектеспіз!

 

Осы және Сіздерді қызықтырған ақпараттарды әлеуметтік желілерде филиалдың парақшаларынан табасыздар:

Фейсбук: www.facebook.com/pg/Akmolaipk/

Инстаграм: @orleu_akmola.region

Филиалдың Ютуб арнасы: Ақмола Өрлеу Педагог әлемі

және филиалдың сайтынан: www.akmol-orleu.kz/

Әлеуметтік желілерде Фейсбук, Инстаграм,  Ютубта біздің парақшаларға жазылсаңыздар Сіздер барлық жаңалықтарды білетін боласыздар!!

 

 

 

 

Марат САЙДАЛИН,

мұғалімдердің кәсіби дамулары

 психологиялық-педагогикалық

сүйемелдеу кафедрасының курстан

кейінгі қолдау зертханасының

 зертханашысы