Міне, жазда келіп жетті! Оқу күндері, емтихандар артта қалды. Алда болашақ жайлы ойлану мүмкіндігі туындады. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» мұғалімдерге жыл сайынғы республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» - 2019 атты бейне сабақтар мен видеолекциялар республикалық конкурсының облыстық кезеңіне қатысып, жүлдегері және жеңімпазы болу мүмкіндігі туындады. 

 Ақмола облысының жүзден астам педагогы байқаудың өңірлік кезеңіне қатысуға өтінім берді. Байқау қорытындысы қазан айында шығарылады.

Ал сіз қатысуға дайынсыз ба? Егер сіз конкурс туралы әлі естімеген болсаңыз, "Өрлеу "БАҰО"АҚ Ақмола филиалының сайтына кіріңіз.

Біз қатысуға өтінімдер мен конкурстық материалдарды қабылдауды жалғастырамыз.

         Білім беру жүйесінің барлық (мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары) педагогтары  қатыса алады! Сіздің тәжірибеңізді ұсынуға және жүлделі орынға үміткер болуға мүмкіндігіңіз бар!

Байқауға оқытудың үздік тәжірибесін көрсететін бейнематериал (сабақ фрагменті немесе ұзақтығы 20 мин. аспайтын дәріс) ұсыну қажет.

Аймақтық кезеңнің қорытындысы 2019 жылдың қыркүйек айында 22 номинация бойынша 66 қатысушының арасынан 1,2,3 орын жүлдегері анықталып, олардың жұмыстары конкурстың республикалық кезеңіне қатысады.

Бізге телефон арқылы қоңырау шалыңыз 8/7162/25-55-62, 8/7162/25-61-49, 8/7162/25-46-50

        

         Конкурс туралы толығырақ ақпарат төмендегі сілтемеде http://www.akmol-orleu.kz/index.php/ru/materialy-konferentsii-i-seminarov/konkursy1/informatsionnye-pisma

 

Осы және Сіздерді қызықтырған ақпараттарды әлеуметтік желілерде филиалдың парақшаларынан табасыздар:

Фейсбук: www.facebook.com/pg/Akmolaipk/

Инстаграм: @orleu_akmola.region

Филиалдың Ютуб арнасы: Ақмола Өрлеу Педагог әлемі

және филиалдың сайтынан: www.akmol-orleu.kz/

Әлеуметтік желілерде Фейсбук, Инстаграм,  Ютубта біздің парақшаларға жазылсаңыздар Сіздер барлық жаңалықтарды білетін боласыздар!!

 

Алькенова Б.К.,

инновациялық білім беру және ақпараттық

технологиялар бөлімінің аға оқытушысы