«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» бүгінгі күндегі мұғалімдердің тұрпатын қалыптастыруда үлкен жұмыстар атқаруда,бұл айтқанда тікелей рухани-адамгершілік сапаға,білім деңгейіне және кәсібилік құзыреттілікке және педагогикалық шеберліктеріне де байланысты болмақ.

Яғни, әр біліктілікті арттыру курстары – баспалдақпен жаңа жетістіктерге жетудің бір амалы.

  Ағымдағы жылдың 11 маусымында «Өрлеу» БАҰО Ақмола облысы бойынша филиалы біліктілікті арттыру шеңберінде мектепке дейінгі мекемелер шағын орталықтардың тәрбиешілеріне арналған «Тәрбиешілердің кәсібилік қызметтерінің психологиялық-педагогикалық негіздері тақырыбында» meetup  форматында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шараның модереторы мұғалімдердің кәсіби дамулары психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушысы Жаңылсын Өтегенова болды. Дөңгелек үстел кең және ешқандай нұсқамасыз жақсы қарым-қатынастықта өтті.Қатысушылар ұсынылған сұрақтарды кеңінен талқылап,мәселелердің бетін ашып және өз ұсыныстарын ортаға салды.

Дөңгелек үстел барысында пікір алмасуда өз ойларын ортаға салғандар:

  • Жақсы ауданына қарасты К.Ш.Өскенбаев атындағы Қыйма орта мектебіне қарасты «Аққу» шағын орталықтың тәрбиешісі-А.У.Алиева тәрбиеленушілерін қазақ халқының әдет-ғұрыптарына мәдениетіне жақындату туралы ойларын тұйықтады;
  • Сандықтау ауданына қарасты Широков орта мектебіне қарасты «Қуаныш» шағын орталығының тәрбиешісі-М.В.Рустанова «Қазақстан-біздің ортақ үйіміз» жобасын ортаға салды;
  • Бұланды ауданына қарасты Журавлевск орта мектебінің «Радуга» шағын орталығының тәрбиешісі-Ю.В.Шкитина «Білім беру мекемесіндегі тарихи-өлкетану музейін» көрсетті.
  • Аршалы ауданына қарасты Волгодонск орта мектебінің «Солнышко» шағын орталығының тәрбиешісі-Н.А.Миненко «Мектепке дейінгі балаларды тәрбилеуде мерекелердің рөлі» жөнінде пікір айтты.
  • Көкшетау қаласына қарасты №21 орта мектебінің «Күншуақ» шағын орталығының тәрбиешісі-А.К.Жандинова «Шағын орталықтардаға тәрбиеленушілерінің бойларына ұлттық сананы және адамгершілік тәрбиені қалыптастырды» тілге тиек етті;
  • Бурабай ауданына қарасты Щучье қаласындағы №5 орта мектебінің «Балауса» шағын орталығының тәрбиешісі-А.Т. Хусайнова «Шағын орталықтарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың» жолдарын көрсете білді.

«Біліктілікті арттыру жүйесіне үштілділікті еңгізудің тәжірибиелік жолдары жөнінде» бейнефильм көрсетілді.Іс-шараның соңында тұшымды пікір таластар болды.

         Дөңгелек үстел нәтижесінде қатысушылар өздерінің кәсібилік деңгейлерін көтеріп, мектепке дейінгі тәрбиеге рухани-адамгершілік, теориялық және практикалық сұрақтардың түйіндерін тарқатып және күрделі ақыл-кеңестерге қанығып өздерінің болашақтағы жұмыстарына кеңінен бағыт бағдар алғандарын алға тартты.

        

Осы және Сіздерді қызықтырған ақпараттарды әлеуметтік желілерде филиалдың парақшаларынан табасыздар:

Фейсбук: www.facebook.com/pg/Akmolaipk/

Инстаграм: @orleu_akmola.region

Филиалдың Ютуб арнасы: Ақмола Өрлеу Педагог әлемі

және филиалдың сайтынан: www.akmol-orleu.kz/

Әлеуметтік желілерде Фейсбук, Инстаграм,  Ютубта біздің парақшаларға жазылсаңыздар Сіздер барлық жаңалықтарды білетін боласыздар!!

 

                     Марат Сайдалин,

мұғалімдердің кәсіби дамулары

 психологиялық-педагогикалық

сүйемелдеу кафедрасының курстан

кейінгі қолдау зертханасының

 зертханашысы