Құрметті «Мұғалім журналының» жазылушылары және оқырмандары!

 

Басылым редакциясы өз жазылушылармен және оқырмандарымен 2019 құттықтап, қайта қауышқанына қуанышын білдіреді, осымен қатар бұрынғыдай авторлармен тығыз қарым-қатынаста болып, басылымның 2019 жылы да саясаттағы басты жаңашылдық қадамдарын жеткізіп отыратынына сенім білдіреді.

«Мұғалім журналы» ынтымақтастықта жұмыс атқарушыларға ешқандай кедергі жоқ екендігін алға тартады.Жаңа жылдан бастап басылым цифрлық форматта «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты сайтында электрондық нұсқада шығатын болады және жазылушылар жеке пайдаларына жарату үшін еш кедергісіз PDF-нұсқасын алуларына болады сілтеме: http://www.akmol-orleu.kz/index.php/ru/.

Басылымның редакциялық кеңесі дәстүрлі айдарларды өзгерте отырып, мазмұнды айдарларды кеңейте және аудиториямен тиянақты түрдегі байланыстарды арттыру бойынша шешім қабылдады.

 

2019 жылдағы айдарларымыз

«Мұғалім журналының» 2019 жылға арналған тақырыбы «Өрлеу» біліктілікті арттыру жүйесінің кәсіби ғалым оқытушыларының  сан түрлі теориялық және практикалық материалдарын кеңінен ашу қадамдарына бағытталуда.

Журналымыздың барлық номерлерінде сіздер «Бас редактордың бағанасы» айдарын да таба аласыздар.

Осында «Өрлеу» БАҰО АҚФ «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ-ның басшысы педагогика ғылымдарының докторы, професор Стукаленко Нина Михайловна, басылымның оқушыларына әр айдардың мазмұнын ашып және бүгінгі замандағы білімге қатысты өзекті сұрақтарды қозғайтын болады.

 «Педагогикалық ғылым». Айдарда Қазақстанның және жақын шекаралас елдердің ғалым-педагогтердің тәжірибелері жарияланады.

«Өрлеу» іс-әрекеттерде.Аталған айдарда филиал оқытушыларынан басқада Қазақстанның басқа аймақтарындағы әріптестеріңіздің жұмыс тәжірибелерімен таныса аласыздар.

«Білімнің жаңа мазмұны». Айдар шеңберінде филиал қызметкерлерінің, аймақ педагогтерінің Қазақстанның және жақын шекаралас елдердің  білімнің жаңа мазмұнына қатысты тәжірибелік мақалалары басылатын болады.

«Бүгіндегі сабақ». Бұл айдарда білімнің жаңартылған мазмұнына қатысты мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру мекемелерінің және ТжКБ жүйесі педагогтерінің сабақ әзірлемелері жарияланады.

 «Шығармашылық зертхана». Аталған айдарда педагогикалық қызметтерде шығармашылықтың нәтижелері біріктіру қарастырылған: эссе,шеберлік-сыныптары, шығармашылық жұмыстар,сыныптан тыс жұмыстардың сценариялары атағанда өткізілген мерекелер,сынып сағаттары,ата-аналар жиналысы тағы басқалар.

Назарларыңызға! Біздің басылымға жіберген барлық материалдар авторлық редакциямен жарияланады. Редакциялық кеңес материалдарды таңдауға құқылы.

 

Анықтама алу үшін телефон номері: 8(7162)40-19-88, қоғам және баспалық қызмет бойынша жұмыс бөлімі.

 

«Мұғалім журналының» редакциясы