«Мұғалім журналына» ұсынған мақалаларға қойылатын талаптар

/Авторға арналған ақпарат/

 

Мақала нақты, анық, ешбір қайталаусыз және жазылғаннан кейін автордың өзімен мұқият тексерілуі қажет. Мақалаға ұсынған материалдардың мазмуны төмендегі жүйені сақтауды қажетсінеді:

  • Кіріспе.
  • Негізгі бөлім.
  • Қорытынды.

Әдетте кіріспеде мәселелер мен толғандыратын сұрақтар, олардың өзектілігі қойылады. Автордың мақаланы жазуға мүмкіндік жасайтын нақты дәлелдемелері мен мақсаттары тұжырымдалады.

 Негізгі бөлімде автордың негізгі мәселелер бойынша қажетті таблицаларды, суреттерді тұпнұсқадан алған сілтемелерді жалғастыра отырып, жан-жақты мазмұндаған ойлары енгізілген. Демек, зерттеу нәтижесі, әдісі, шешімі, түйіні және олардың мазмұны ашылады. Тақырыпты нақты ашу сақталу қажет. Негізгі бөлімнің мәтіні кіріспемен тығыз байланыста және оқырманға жаңашыл әрі қызықты болуы шарт. Сөйлемдер бірнеше сөйлемді құрамай, қысқа болғаны абзал. Авторлар дәлелсіз жаңа терминдерден және көп қолданылмайтын тыс сөздерден сақтануы шарт.Негізгі бөлімнің педагогикалық ғылымдағы жаңашылық зерттеулерді практикада ашқаны шартты болады.

Сөздерді қысқарту тек қана мәтінде қайталанатын қанатты сөздерге немесе терминдерге рұқсат етіледі. Мұнымен барлық қысқартылғандар алдыңғы мәтінде толық берілуі керек. Қысқартулар көп болмауы қажет (5-6).

Кестелер (2-3) мен суреттер (3-4-тен аспау керек) көрікті және атаулары берілуі қажет, олардың атаулары бағана мазмұнына сәйкес келу керек. Барлық сандар автордың өзімен тексеріліп және мақаланың мәтінімен қабысу қажет. Барлық безендірулер (сызбалар, кестелер, диаграммалар, суреттер) мақала мәтінінде қысқартылған түрінде беріледі. Суреттер мақаланың мәтінінде сілтеуден кейін қойылады. Қолтаңбалар суреттердің астына койылады. Барлық кестелерді араб сандарымен белгілейді (Мысалы: «№1 Кесте», оң жақта көрсетіледі), атаумен жабдықталып, кішкентай әріптермен басылады (бірінші әріптен басқасы) және орта кезінде, кестенің үстінде орналасады. Егер де кесте бірнеше беттерге созылса, онда кесте сөзі бір-ақ рет жазылады. Кестенің басқа бөліктеріне кестенің реттік санымен: «Кестенің жалғасы» деп жазады. Кесте атауының соңынан немесе алдынан нүкте қойылмайды. Мәтіндегі әрбір кестеге сілтеме болу керек.

Мақаланың қорытындысында түйінді тұжырымдар, қолданылған материалдарды тәжірибеде қолдану үшін бағытталған пікірлер болу қажет.

Мақала мәтініндегі әдебиеттердің сілтемесі төртбұрышты жақшаға алынады. Мақаланың соңында қолданылған әдебиеттер дерекнамалары алфавиттік тәртіпте «Пайдаланған әдебиеттер» деген атауынан кейін қойылады.

Пайдаланған әдебиеттердің тізімі бөлек парақта және әрбір дерекнама жаңа реттік санмен белгіленеді. Тізімге мәтіннің ішінде сілтеме жасалған әдебиеттер ғана ене алады. Элементтер тізімін суреттегенде міндетті түрде төмендегі ережеге жүгіну керек: әрбір кітапнамалық элементтерді суреттеу өзінен кейін қандай белгі келсе де бас әріппен беріледі, яғни келесі кесте бойынша: Автордың тегі, аты-жөні, негізгі атаулары. Атауға қатысты мәліметтер. Басылым қайталамасы туралы мәліметтер: Басылым, басылып шыққан күні. Көлемі. (ГОСТ 7.1. 2003 «Құжаттың кітапнамалық суреттемесі».

Мысалы: М.Р.Көпжасарова, Н.Н.Нұрахметов, Г.Д.Әуелбекова. Оқу жүйесінің технологизациясы: қазақстандық тәжірибе. - Алматы: Баспа «Зият-Пресс», 2005. - 224 б.

 

Тізімде үш автордың тізімі көрсетіледі. Одан артық болғанда үшінші текстен кейін, т.т. деп көрсетіледі. Шетелдік авторлардың тегі түпнұсқалық транскрипциясында беріледі. Журналдан мақалаларды жазғанда келесі тәртіпте мынадай мәліметтер көрсетіледі: тегі, аты-жөні немесе алғашқы үшеуінің, жинақтың атауы, басылған мекен-жайы, жылы, саны, беттері. Тізімде келтірілген әдебиеттер мәліметтерінің дұрыстығына жауапты. Автор сөйлемнің құрылысына, ойдың аяқталуына, мазмұнының сауаттылығына өзі жауапты болады.

 

Мақала толық парақ беттерде және көлемі 8 бетке дейін болу қажет.

Қолжазба электрондық нұсқада материал қосымша беріледі. Мәтін А4 форматы қағазында бір жақ бетінде басылуы керек. Мәтін бір файлде, MS Word форматында теріледі. Параметрдің стилі «дағдылы», қарпі Times New Roman, Times New Roman Kaz (қазақ тілінде), көлемі 14, жолдың көлемі жан-жақтан 20 мм, жоларалық интервал біркелкі, азат жол 1 см.

Мақаланың атауы бас әріппен, жолдың ортасында, 14 кегіл көлемінде болу керек. Мақаланың атауынан кейін нүкте қойылмайды.

 

Жеке парақта міндетті түрде автор жайлы мәліметті ұсыну қажет.

 

  • тегі, аты-жөні (толық);
  • қызметі мен жұмыс орны;
  • ғылыми атағы;
  • тұрғылықты мекені (мемлекет,аймақ (облыс/аудан/қала/елді мекен);
  • телефон номері (жұмыс,ұялы)

 

Маңызды біліңіз! Біздің басылымға жіберген барлық материалдар авторлық редакциямен жарияланады.

 

 

 

 

 

 «Мұғалім журналының» редакциясы